Karta2346574
15.03.2020 13:06

Мәтінді түсініп оқып мәтіндегі детальді ақпаратты «кластер» әдісімен анықтаңдар өтінем көмектесіңдерші​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
AbstergoAlexander
02.11.2021 04:05

Объяснение:

Қарғалы тәтісі - Жетісуды мекендеген ежелгі тайпалардың зергерлік бұйымы. 1939 ж. Қарғалы сайының бойындағы Мьщошақтьща жер қазу жұмыстары кезінде табылған. Штампынау техникасымен жалпы ұзындығы  35, ені 4,7 см екі тік бұрышты алтын пластина түрінде жасалған. Онда бұғының, ұшқан кұстың, үстіне адам жайғасқан, бұқпантайлап бара жатқан қанатты жолбарыстың таң каларлық бейнелері бар. Барлық мүсіндердің соншалықты шеберлікпен әсем какышталып жасалғаны таңдай қақтырады. Бірақ айтарымыз бұл ғана емес. Әшекейлі тәтіде қанатты ат және үстіне адамды отырғызып алып жүгіріп бара жатқан айдаһар тейнеленген. Олардың төбесінен құс (қаз бен үйректің біріне ұқсайды) ұшып барады. Бұлардан басқа таутеке, аю, арқарға мініп, қолына гүл ұстаған адам бейнелері бар. Осылай бірінен-біріне ұласып кете беретін аң-құс бейнелері аса нәзік те әсем жасалған. Аңдардың көзіне, тұяғына қондырылған асыл тастарды жай көзбен байқаудың өзі киын. Ғаламат шеберлікпен салынған бұл өрнектерден сол заман өнерінің жетістігін ғана емес, адамдардың пәлсапалық талғамын да тануға болады. Төті б.з.б. 3 ғ. мен б.з. 2 ғ-дағы "Орта Азия" өнеріне тән. Бұл ескерткіштер - б.з.д. II ғасыр мен б.з. II ғасыры аралығында қазақ жерін мекендеген тайпалардың үздік өнерінің күәсі.Ежелгі үйсіндердің қолонершілері шеберлігінің айғагы болумен бірге, ол қазақ халқының қолданбалы онерінің тамаша үлгісі болып табылады. Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейінде сақталуда. [1]

0,0(0 оценок)
Ответ:
Alekseimiller
04.09.2020 22:03
Менің өз замандастарыма көзқарасым, қатынасым қандай, олар маған ұнайды ма, жоқпа- деген сұраққа біржақты жауап бере алмаймын. Бір жағынан мен өз замандастарымды ұната қоймаймын, екінші жағынан құрметтеймін. 
Ұнатпайтыным- алдыңғы буындағыларға қарағанда жан байлығы аздау сияқты,  ұнататыным- олар жаңа технологияларға тез үйренеді, күрделі ақпараттарды тез қабылдайды.
Қазіргі ұрпақтарды алдыңғылармен салыстыра отырып, қазір байлар
мен кедейлерге бөліну қатты білініп тұр деуге болады, бұл  жаман.
Қарама қарсы  топтағы екі адам бір-бірін түсінбейді, олар тек өте қажет жағдайда ғана араласуы мүмкін.
Менің көзқарасымда менің замандастарыма тәрбие жетіспейтін сияқты. Олар көпшілік жағдайда өздерін ешқандай кедергілер мен шектеулер жоқтай ұстайды. 
Көпшілік -қазіргі жастар қайырымсыз деп есептейді. Бұны мен былай түсіндіремін, қазір бәрі интернетке кіре алады, ал интернет кейде адамның психикасын бұзады. Ертеде адамдар бұндай ақпараттан қорғалған еді. Қатыгездіктің тағы бір түсініктемесі- киноэкрандарда, жалпы ақпарат құралдарында, компьютерлік ойындарда: қатыгездік бір шектен шығушылық емес, күнделікті қалыпты әдетке айналуда.
Мен барлық ұрпаққа бірдей мінездеме беру дұрыс емес деп ойлаймын, әр адам өзінше ерекше.
Біз ұрпақ туралы жалпы айтқанда әр түрлі адамдарды қосып жібереміз, мейірімділер мен қатыгездерді, салмақтылармен жеңіл ойдағыларды, ақылдылармен онша ақылды еместерді.
Адамзат мыңдаған жылдардан бері өсіп, дамып келеді және барлық заманда ұқсас сынақтардан өтеді, сонда да әркезде бір тырманы басады. Сатқындық, жалқаулық, махаббат-бұның бәрі жаңалық емес. Айырмашылық тек қоршаған жағдайда. Жағдай өзгерсе- адамдар қарым-қатынасы өзгереді. Мысалы: біздің ғасыр, жоғарғы технологиялар ғасыры, адамдар қатынасына көп өзгеріс енгізді: біз бір-бірімізге қонаққа аз барамыз, балалармен жасөспірімдер аулада ойнамайды. Осының нәтижесінде, бір-бірімізбен қатынасымыз бізден бұрынғылардан өзгеше.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота