98653240
26.12.2020 11:47

Мәтін мазмұны бойынша 5 етістікті анықтап, мағынасына қарай ажырат

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
plimita134
31.08.2021 05:30

Қақтығыстану – қақтығыстың жағымсыз зардабын алдын алу және даму заңдылықтары, оны шешу немесе жою әдістері туралы ғылым. Тарихи және көркем әдебиеттерде адамдар үшін күш салдары, формасы және мазмұны бойынша ерекшеленетін көптеген қақтығыстық жағдайлар келтіріледі. Мамандардың пайымдауларынша, соңғы бес мың жылда адамзат әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешудің ең қорқынышты формасы - он бес мың локальді және ортақ соғыстарға қатысқан.

Гераклиттің (530-470 ж.б.з.д.) ойы бойынша дүниеде бәрі ұрыс арқылы туады, ал соғыс пенен қақтығыс барлық заттың негізі. Соғыс бәрінің әкесі және бәрінің патшасы – деп санады. Ал Эпикур (341-270ж.б.д.) Гераклиттің ойымен бөлісіп, онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады. [28,27]

Осы дәйектерге қандай қатынаста болмасақ та, өркениеттің бүкіл тарихы, кейде шешілуі күш қолдану әдістері мен тәсілдерін қолданусыз мүмкін болмайтын әлеуметтік қақтығыстардан тұрады, бұл жағдай шартсыз түрде халықтар өмірі мен әрекеттерінің барлық салаларына қалыпқа келтірілмейтін зиян келтіреді.

Тағы бір ерекшелейтін жайт, көбінесе ең күрделі байқалмайтын, анайы болып көрінетін жағдайлар, түрткілерден, себептерден туындайды, сондықтан да қақтығыстың маңыздылығы, оның құрамдас бөліктері, олардың шешу жолдарын қарастыру әлеуметтік психология ғылымының ең маңызды пәні болып табылады.

Барлық қақтығыстар адамның ішкі өмірі ерекшелігіне, сонымен қатар оның әлеуметтік қатынастарына негізделген психологиялық құрылымдардан тұратыны белгілі.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процесстерді қақтығыстардың маңызды әлеуметтік мәселе болып табылатынын зерттеулерде көрсетті. Бұл бірқатар себептермен шарттасқан: қақтығыс феноменінің күрделілігі, сонымен қатар оның пайда болуын бірнеше мәнде түсіндірген.

Қақтығыс қоғамдық қатынастардың басым көзі болды. Ол айқын және латентті формаларда көрінеді. Ол тұлғааралық қарым-қатынастарға ене отырып, күнделікті өмір және мемлекеттің дамуына негізделген қақтығыстарда көрініс табады. Осындай жағдайдың басты себебі ретінде Аристотельдің (384-322ж..д.) ойы бойынша бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп ойлады. Осыдан келе оның пікірі бойынша қақтығыс қоғамның қалыпты жағдайы болып саналады. Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі адамның тұрмыстық жағдайының жоғары немесе төмендігінен туындайды деп санады

0,0(0 оценок)
Ответ:
Windsorcastle
21.01.2023 00:07

Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы ба­ба­ларының есімдерін мақтан тұтады. Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дү­ние­ге әкелді. Сондықтан, біз біріншіден, атақты та­рихи тұлғаларымыз бен олардың же­тіс­тіктерінің құрметіне ашық аспан ас­тын­да ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағар­ту энциклопедиялық саябағын ашуы­мыз керек», - деп Елбасымыз өз мақаласында жазды. Елбасымыз біріншіден, «Ұлы дала есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябақ жасау. Қазақтың Ұлы даласында әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар дүниеге келді. Олардың жүрегі «Қазақ» деп соқты. Мысалы, Бейбарыс сұлтанның өзі туған жерін сағынып, жүрегінің қанжылағаны бізге тарихтан мәлім. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағар­ту энциклопедиялық саябағын ашу арқылы қазіргі жастардың рухын көтеруге, жүректерінде патриоттық сезімдерін оятуға болады. Өткенді білмей, болашақты болжау қиын. Көрмеге кітапхана қорындағы кітаптар қойылды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота