rozella2017
13.03.2022 23:38

Bookmark Олимпияда -спорт шыңы
Тапсырма №1

Тапсырылмаған
keyboard_arrow_down
Олимпияда -спорт шыңы
Ойтүрткі сұрақтар:

1.Олимпиадалық ойындар қайдан шыққан?

2.Олимпияданың мақтанышы не?

3.Зевс ескерткіші туралы не білесіңдер?

Салт етістіктер

Тура объектіні қажет етпейтін,табыс септігіндегі сөзбен тіркеспейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады.Мысалы: келеді,барады,шықты, жүгірді, айтты,т.б.

Түрлі қосымшалар жалғау арқылы салт етістікті сабақты етістікке, сабақты етістікті салт етістікке айналдыруға болады.

Мысалы:

Салт

Сабақты

Сабақты

Салт

Шам сөнді.

Гүл өсті.

Шамды сөндірді.

Гүлді өсірді.

Сабақ айтты.

Үй жинады.

Сабақ айтқызды.

Үй жиналды.

1-тапсырма.Топтық тапсырма.Мәтінмен жұмыс.

1. мәтіннен негізгі ақпаратты табады.

2.мәтіннен қосымша ақпаратты табады.

2-тапсырма.

Оқылым мәтіннен салт етістікті тауып,сабақты етістікке айналдырыңдар.

Қазақ жерінде бокстың дамуы

Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді.

Қазақ жерінде бокстың дамуы өз бастауын өткен ғасырдың 30 жылдарында алған. Бұл шайқас өнерінің даму орталығы ретінде Алматы қаласы танылды. Алматыда алғашқы бокс үйірмесі «Темп» спорттық қоғамдастық негізініде құрылған. Кейін келе ағылшындардың жұдырық шайқасы еліміздің «Динамо», «Спартак», «Медик» пен Қарағандыдағы - «Угольщик» спорттық қоғамдастықтарда өз табынушыларын тапқан. Ал 1937 жылы қазақ боксының негізін салушы, спорт шебері атағын иемденген Шоқыр Бөлтекұлының бастамасымен Алматыда жеке-топтық біріншілік ұйымдастырылып, аталған жиынға 4 спорт қоғамдастықтан 50 жуық былғары қолғап шеберлері қатысқан. Осы чемпионат бокстың дамуына түрткі болып, еліміздің басқа да өңірлерінде спорттық үйірмелер көптеп бой көтере бастаған.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Kamilamar
15.06.2022 19:00

Хат.

Сүйікті,ата,әже,қалайсыздар?Денсаулықтарыңыз жақсы ма?Менде бәрі керемет.Күнде сабақтан тек бестік бағалармен оралып жүрмін.Демалысқа шығып,ауылға келгенде сіздерге міндетті түрде күнделігімді көрсетемін.Сіздерді қатты сағынып жүрмін.Әже,сіздің сол бір шілдедегі ащы құртыңызды,аяулы алақаныңызды сағындым.Ата,ал сіздің өмірлік кеңестеріңіз бен арқамды сипап беретініңізді аңсаудамын.Мына жақта мен әкешім мен анама қолқабыс та болып жүрмін.Кішкентай Айсәуле де өсіп келе жатыр.Ал өздеріңіз сыйға тартқан Сұңқар құлын қалай?Ата,маған бірге ертоқым істейміз дегенсіз...Сөзіңізде тұрып,мені күтіңіз.Достарыма сіздер туралы мен мақтана айтамын.Олардың кейбіреулері тіпті ауылға бір рет те болсын барып көрмепті,білесіздер ме? Менің сіздердей жанашыр жандарым барына қуанамын!Аман жүріңіздер!

Сәлеммен немерелеріңіз – (сенің есімің/твоё имя).

0,0(0 оценок)
Ответ:
mrloller
01.08.2020 21:13

Әсет: Әже, Наурыз көже деген не?

Әже: Балам, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде саналатын наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады.

Әсет: Ол қандай тағамдардан әзірленеді?

Әже: Қазақ халқының дәстүрінде жеті саны киелі саналады, міне,ұлттық тағам наурыз көже де міндетті түрде жеті түрлі тағамнан әзірленеді. Олар: су, ет, арпа, тары немесе күріш, айран, құрт және тұз.

Әсет: Неліктен осы тағамардан ғана әзірленеді? Меніңше, оның өзінің мәнісі бар.

Әже: Әрине, балам. Ең негізгісі - ол су, яғни «келер ұрпақ судай тасып, көбейе берсін» деген мағына білдіреді. Әдетте, сүрленген ет қосылады, бұл «ет көп болсын» деген мағына білдіреді. Ал арпа болса, керемет емдік қасиеттері бар, сонымен қатар өте тойымды. Дәнді дақылдарды қосатын себеп (тары, күріш) бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.

Қазағым қашанда сүт тағамдарын «ақ» деп ерекше бағалаған, міне, наурыз көжеге де міндетті түрде айран немесе сүт қосылады, бұл бір жағынан «ақ мол болсын» дегенді білдірсе, екінші жағынан «сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын» деген ниет жатыр.

Ал құрт пен тұз болса, тамақтың дәмін келтіреді.

Әсет: Мен бұрын бұл тағамның маңыздылығын білмеппін. Сізге көмектесейін?

Әже: Әрине, жаным. Қолдарыңды жуып кел, бірге әзірлейік.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота