kristinasurinaKighkj
07.12.2021 10:21

2 мәтіннен ауыз екі сөйлеу тілінің элементтері қолданылғансөйлемдерді көшіріп жаз​


2 мәтіннен ауыз екі сөйлеу тілінің элементтері қолданылғансөйлемдерді көшіріп жаз​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет.

Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.

Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.

Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
sane08one
05.09.2021 19:08

Табиғатты қорғау.

Бізді қоршаған орта: жан-ануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.

Менің ойымша, табиғатқа тіл бітсе, бір жағынан табиғат өзін қастерлеп, аялап, оған күтім жасайтын адамдарға өз ықыласын білдірсе, енді екінші жағынан осы тіршілік көзін ластап, салдыр - салақ қарағанына қынжылап, киналар еді деп ойлаймын. Демек, біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Талай ақын жыршы ағаларымыз табиғатты өлең жырларына арқау етіп, жырлап өткен. Солардың біреуімен өз ойымды тәмамдағым келеді:  

Табиғатта сезімде, құлақта бар,  

Ренжітсең қайғырып жылап та алар.  

Аяласаң жаныңа шуақ тамар,  

Қажығанда бойыңа қуат тамар. - демек менің құрметті құрдастарым табиғатты аялайық! Қолымыздан келгенше келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота