nazarm378
19.04.2020 21:46

1.қоныстандыру қозғалысына диінгі дәстүрлі қазақ қоғамы 2. Қоныстандыру қозғалысыннан киінгі қазақ қоғамына енген өзгерістер көмек керек ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Pollymironova
08.11.2022 21:10
2015 жыл, желтоқсанның жиырма тоғызыншы жұлдызы еді. Тағы да, мектепте жаңа жылдық концерт. Менің негізі, мектептерде, түрлі шараларда ән айтатыным бар еді. Жаңа жылдық концертке де бін ән дайындағанмын. Әннің аты: «Жаңа жыл». Сомен не керек, сол әнді айтатын болып үйден сөзін жаттап, ақ тер көк тер болып өлеңнің сөзін жаттағандай болдым. Дивидиге караоке дискіні салып жіберіп, 2000 мың теңгеге сатып алған микрофонмен «Жаңа жыл» әнін айтып күнде дайындалатынмын. Анам маған ән айтып жатқанда, қатемді түзетіп, былай айтасың, мына жерін былай айтасың деп, білгенін айтып отыратын. Бір жағынан ән айтуға анамның қосқан үлесі зор. Анамның арқасында біраз жаттығып қалдым. Үйде айтқанда өлең сөзін ұмытпай, әнді нақышына келтіріп орындап жүретінмін. Үйде дайындалған бір бөлек, мектепте дайындалған бір бөлек. Сөйтіп, желтоқсанның жиырма тоғызы да болды. Концерт кешкі жетілер шамасында басталды. Мен жаңағы «Жаңа жыл» әнін айтатын болдым. Концерт басталды, таяқ жерге тасталды. Жоғарғы сыныптың екі жақсы жүргізеді деген оқушылары сықиып киініп, қолдарына қара папкаларын алып қақшиып концертті бастап жіберді. Менің бір әдетім, өлең айтатын сәтім таяған кезде жүрегім лүпілдеп, қатты қобалжитынмын. Сонымен жүргізушілердің бірі: -Кезекті әсем әнді қабыл алыңыздар. Ән: «Жаңа жыл». Орындайтын: Бәленшеұлы Бәленше,-деп хабарлады. Қара костюм киіп алып, қызыл галстукты қақшиытп, қолдарым дір-дір етіп сахнаға қарай бет алдым. Залда көрермендер толып тұр. Ине шаншырлық жер жоқ. Ән басталды. Ішімнен «О Құдайым, әнді өз деңгейінде орындап шығайыншы»,-деп бір айттым. Сомен бірінші куплетті айттым, әрі қарай қайырмасы кетті, ән жүріп жатыр. Ал қызық енді басталды. Ішімнен екінші курлетті айтайын десем, ойыма түспей қойды. Ал, қырсық шалды деген осы. Әннің екінші куплеті басталуға санаулы секундтар ғана қалды. Мен болсам, екінші куплетті ұмыттымда қалдым. Ішімнен «Енді қайттым, не істеймін?»,- деген ойлар маза бермеді. Әй жәрәйді, екінші куплетті айта алмасам ұят болар,- дедімді ақындыққа бастым. Куплет басталды, мен ойдан жаңа жыл туралы сөздерді ұйқассыз аңыратып жатырм. Сондағы айтқан төрт жолым әлі есімде. «Жаңа жыл, жаңа жыл келді, Жаңа күн, жаңа күн келді, Құтты болсын, Жаңа жыл,құтты болсын, Ортаға шық билеңдер, кәне достар» ,- ал керек болса, дым ұйқассыз, қара сөзді өлеңнің әуеніне әрең деп келтіріп, қара терге түсіп, куплет біткенде «уффф» дедім. Мәз-мейрам көрермен, менің куплетті ұмытып, ойдан айтып жібергенімді де, байқамай қалды. Өйткені, көрерменнің өлең сөзіне қарайтын шамалары жоқ, барлығы мәз-мейрам болып отыр. Сөйтіп, өмірімде, ойдан төрт куплет өлең шығарып жібергенім бар. Өлеңде аяқталды. Барлығы қол шапалақтап жатыр. Басымды идімде сахнадан кетіп қалдым. Үйге келіп ата-аналарыма айтып едім, бәрінің тарқылдап күлмесі бар ма. Сөйтіп, жаңа жылды да өткіздік. Бұл оқиға ойымнан әлі күнге дейін кетер емес.
0,0(0 оценок)
Ответ:
sashaStreet1
17.05.2021 08:09

Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота