
Менің жазғы демалысым.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем де болады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.
Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әлі сапарларымыз көп болғай!
мысалы, қандай да бір атақты, осылай да, бұл – туысы. Жалпы алғанда, адамдар әртүрлі, олардың сәттілікке қатысты өлшемдері әртүрлі, сондықтан көптеген адамдар өздері білмейтін адамдарды үлгі ретінде таңдағаны таңқаларлық емес. Өйткені, атақты адамның бейнесі міндетті түрде осы адамның нақты сипаты мен мәнінен мүлдем өзгеше емес.
Алайда, егер Мен туралы Жеке айтатын болсақ, Мен Өзім туралы жақсы білмейтін немесе мүлдем білмейтін адамды үлгі ретінде таңдай алмаймын. Мәселе мынада, біреу сияқты болғысы келсе, Сіз бұл адамның қалай өмір сүретінін, осы адамның жетістігінің қадамдары мен ерекшеліктері қандай екенін мұқият білуіңіз керек. Өйткені, егер сіз мұны білмесеңіз, дұрыс емес нұсқауларды ала аласыз. Адамдар әрдайым ашық түрде есеп бермейді, соның арқасында олар белгілі бір жетістікке жетті.
Объяснение: