Бір қарияның төрт ұлы болыпты. Бір күні әкесі балаларын шақырып алып: -- Мен қартайдым. Кімнің ақылы мен байлығы болса, сол менің мұрагерім болады, - депті.
Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды», - депті үлкен ұлы асыл тасты жүзігін көрсетіп.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп келеді де, әкесіне былай дейді:
Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді.
Мұндай белдікті,- деді үшінші ұлы күміс пен асыл тастармен әшекейленген белдігін буынып,- ешкім буынып көрген жоқ!»
-cен неге үндемейсің? – деді әкесі төртінші ұлына қарап. – Әлде сенің көрсететін
ештеңең жоқ па?
Сонда төртінші ұлы басын төмен салып: «Менде асыл тас та, жүзік те, киім де, белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат пен жігерге толы жүрегім бар», - дейді.
Әкесіне кіші ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын атапты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
Объяснение:
ответ:М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы – тәрбиелік маңызы зор шығарма. Шығармада бар баласын соғысқа аттандырып, қара қағаз алып, «шаңырағым шайқалып, отым өшеді» деп отырған Ахмет шал неміс баласы Зигфридті бауырына басып алады. Оған қазақшалап Зекен Ахметұлы деген атау береді. Зекенді өгейсітпей, бар мейірімін төгіп, оның жақсы адам болып шығуына барлық жағдайын жасайды. Жолында кездескен әділетсіздіктер мен қиындықтарды жеңіп шығады. Бұл шығарма ұлтқа, нәсілге бөлінудің дұрыс еместігін, адамзатқа ауызбіршілік, бауырмалдық, достықтың қажет екенін насихаттайды.
Объяснение: