анастасия1573
13.12.2020 11:04

10. Мәтінді оқып, шартты бағыныңқылы және қимыл-сын бағыныңқылы құрмалас сөйлемдерді тап. Стиль түрін анықта.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
IbroVine
16.03.2021 22:34
«еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! » (н.назарбаев). талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті отанымыз – қазақстан! қазақстан – тәуелсіз ел. сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші? ! еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. әсіресе, хх ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. тәуелсіздік – арман! жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл — еліміздің қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қ басқан жылы. сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. қазіргі қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі қ, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. қазіргі таңда қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ң жедел қарқынмен — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. бүгінгі қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. қазіргі таңда тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Patara1986
30.03.2020 12:51

1)ВЖетіқарақшы

2)В Шұмбұлақ Медеу

Объяснение:

2тапс

1 Ақиқат

2Ақиқат

3Жалған

Жазылым

Сұлулығымен тамсандырған, ақындардың жырына арқау болып, талайларға ән салдырған киелі Жетісуды сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың барлық сұлулығын өз бойына жинап алған Жетісудың өзен-көлдері, тау-тастары мен жазық даласы сан мыңдаған тарихтан сыр шертеді.

Жетісу... Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан, солтүстігінде Балқаш көлінен, оңтүстігінде Тянь-Шаньның қарлы шыңдарына дейін созылып жатқан осынау бір көркем жерұйық мекенді ежелден бері жеті судың өлкесі атап кеткен. Олай деп аталуының себебі, жердің шұрайын беретін Іле, Тентек, Лепсі, Басқан, Ақсу, Қаратал, Көксу, сияқты өзендердің осы мекеннен ағып өтетіндігі.

Осындай ұлан-ғайыр алқаптың табиғаты да әртүрлі. Бұл жерде мемлекеттік қорғауға алынған жерлер де бар. Тау етегінің ауасы ылғалды, салқын болса, енді бір жерлерде көк майсаға бай, кішкентай өзендер мен тау бұлақтары көп, егін егіп, мал жаюға өте қолайлы жерлер де кездеседі.

Жетісу жайлы сөз қозғасақ, оның ерекше табиғаты жайлы айтпай өту мүмкін емес. Жетісу – көне мәдениеттің ордасы, өлкенің тарихы ғасырлар қойнауына сүңгіп жатыр, мұның айқын дәлелі – ежелгі ескерткіштер мен археологиялық жәдігерлер. Жетісуды мекендеген ежелгі Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларынан бізге қалған баға жетпес мұра – Тамғалы тас. Тамғалы петроглифтері асқан құнды адамзат мұрасы ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енгізілген. Тастарда VIII-IX ғасырларда қыпшақтардың жазбаларымен қатар Будда құдайларының бейнелеріқашалып салынған. Табиғаты жайлы Жетісу өңірінің ең көрікті мекендерінің бірі – Іле өзенінің жағалауы. Аспан астындағы көне мұражай болып саналатын Тамғалы Тас шатқалында балық аулап, қайықпен жүзіп, таза ауамен тыныстай аласыз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота