Абайдың тоғызыншы қара сөзінде, өзінің қазақ екенін, бірақта сол қазақты жақсы көретіндігін, не жек көретіндігін білмегенін жазған. Жақсы көрсем жақтар едім және жақсы нәрселерін көрер едім, ал жек көрсем араласпай, сөйлеспей “не қылды? не болды?” демей жата берер едім, яки Қазақтардың ортасынан көшіп кетер едім деген. ( Қазақты не мақтарын, не даттарын білмей тұрғандай. Осы кезде мына мақал еске түседі: Жамандайын десем жалғызым, “Жамандамайын десем жалмауызым”) Оларды жөндеуге тырыспаймын, үмітім де жоқ делінген.
Өзінің тірі бола тұра, ішінің өліп қалғанын айтқан. ( Менің ойымша, Қазақты түзетуге, яки көмек беруге қауқары н/е күші деймін бе, билігі дейін бе жетпеген сияқты. )
Өзінің қайратты күнінде, қазақты тастап кетпек түгіл, жақсы көріп, үміттеніпті. Әбден Қазақтан күдерін үзіп, өзге жаққа кеткісі келгенде, әлі қашып, қауқары сөніп қалған екен.
Бірақ-та, басқа жерге кетіп қызық көргенше, осылай артыма қарап “ әттеген-ай, сондай қызықтарым қалды-ау” деп өкініште болмай, өлгеніне қуанғандай.
Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.
Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған...
Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы.
Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз.
Объяснение: