michlich
10.10.2020 12:46

Онлайн мектеп все ответы. Казахский язык 5 класс Тема:
Ғаламшарлардың зерттелуі

Жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады. Мысалы: Ай мен Жердің арасы өзгелермен салыстырғанда алшақ емес. Плутон енді күн жүйесіне енбейді, бірақ бұрын ғаламшар болып саналған.
Жалғаулықтар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, т. б. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сыңарларын әртүрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:
Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, һәм, әрі.
Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егер де.
Жалғаулық шылаулар мен септеуліктерді салыстыра қарасақ, мынадай ерекшеліктер байқалады:
1. Екеуі де сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Бірақ септеуліктер бір сөзді екінші сөзге бағындыра байланыстырып, сөз тіркесін кұрауға немесе бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемді байланыстырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрауға негіз болса, жалғаулықтар екі сөзді тең дәрежеде байланыстырып, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін құрауға немесе жай сөйлемдерді салаластыра байланыстырып, салалас кұрмалас құрауға негіз болады. Тек шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар ғана (егер, егер де) бағыныңқы сөйлем мен басыныңқы сөйлемді байланыстырады.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
alinka12152002
30.11.2021 09:36

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
AlexeyB1000
28.05.2020 22:06
Өмірде үш маңызды нәрсе - денсаулық, отбасы және білім. Білім беру тек жұмыс істеуге ғана емес, сонымен қатар адамның ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Егер адамдар білімді болса, ел дамып, гүлдене бастайды.
Еліміз мәдениетті қалыптастыру үшін білімді адамдарға қажет.
Қазақстандағы білім беру жүйесі ең керемет емес. Бірақ мемлекет басшысы мен халық оны дамытуға тырысуда.
2018 жылы өз сөзінде Президент Н.Назарбаев білім беру жүйесіндегі өзгерістер туралы әңгімелеп берді. Мынадай өзгертулер:
Әрбір бала үш тіл білуі керек: қазақ, орыс және ағылшын. Осыған сүйене отырып, біз латын алфавитіне жүгінеміз. Бұл біздің ел үшін үлкен оқиға. 2025 жылға қарай біз латын алфавитін білуіміз керек.
Сонымен қатар, 10-11 сынып оқушылары физика, химия және математика пәндерін тек ағылшын тілінде оқиды.
Бұл өзгерістер Қазақстанның білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Бізде мықты мұғалімдер мен мақсатты оқушылар мен студенттер бар. Оларды қолдау керек. Қолдау қаржылық және моральдық болуы керек. Мұғалімдер мен студенттер - біздің еліміздің болашағы!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота