«Өнер» туралы мақал-мәтелдер:
Өнерлі өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
* * * * *
Өнерлі өрге жүзер.
* * * * *
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
* * * * *
Өнерліге өлім жоқ.
* * * * *
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөз алтын.
* * * * *
Өнерлі бала сүйкімді.
* * * * *
Өнер білсең-өлмейсің.
* * * * *
Өнерлінің өзегі толмас.
* * * * *
Өнер-таусылмас азық.
Жұтамас байлық .
* * * * *
Бай болмасаң бай болма
Өнер, білімге сай бол,
* * * * *
Өнерлі қол бақытқа жол.
* * * * *
Ілім-іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
* * * * *
Өнер таусылмас азық,
Сарқылмас байлық.
* * * * *
Өнерді үйрен
Үйренде жирен.
* * * * *
Өнер қанат
Білім санат.
Макро (грекше makros — үлкен, ұзын) — үлкен, ірі деген мағынаны білдіретін күрделі сөздің бөлігі (мысалы, макрофагтар, макромолекула).
Макро... - бір заттың үлкендігін ұзындығын байқататын ұғым, көбінесе микроға қарсы қойылатын көлемді көрсететін, мысалға, макрофагтар, макронуклеус.
Микро (гр. mikros – аз ұсақ)
қандай да бір нәрсе мөлшерінің ұсақтығын не оның шамасының аздығын (макро...-ға қарама-қарсы) көрсететін күрделі сөздің құрамдас бөлігі (мысалы, микроклимат, микроорганизм);
Негізгі бірліктің миллионнан бір үлесіне тең мөлшердегі үлестік бірліктерді жасау үшін қолданылатын сөздің бастапқы бөлігі.