Содержание урока Задание №2 Верных ответов: 2 Қалқаман Сарин - киноактер, әнші, халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты,"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қалқаман Сарин - ұстаз, оқытушы, ақын, халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы."Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қалқаман Сарин - атақты суретші, халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері Қалқаман Сарин - республикалық әншілер байқауының жүлдегері. Қалқаман Сарин - талантты жас ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі
Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.[4]