maria20061970
12.03.2021 02:21

1. Берілген жаттығуда етістіктерді қалау рай тұлғасындағы етістіктерге айналдырып жазыңыз.В предлагаемом упражнении глаголы преобразуйте в форму желательного наклонения. 1. Мен ертең саған бар 2. Олар ертеңгі пойызға отыр 3. Біз сабақты жақсы оқы 4. Сен далада футбол ойна 5. Сәрсен жақсы жұмыс істе 6. Сіздер қаланы қөр ... ме? 7. Сіз ұйықта ... ба? 8. Сен дүкеннен не ал ...? 9. Сендер жазда ауылда демал 10. Мен кешке теледидар көр 11. Менің әжем жазда баласына жүр 12. Біз қазір нанға май жағып же

2.
Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. ответьте на вопросы по теме.
1. Асханадан неше мезгіл тамақтанасыз?
2. Асхананың қызметкерлері қандай?
3. Асханада адам көп бола ма?
4. Асханада қандай тағамдар бар?
5. Сіз біріншіге (екіншіге, үшіншіге) не аласыз?
6. Шайды үйде ішесіз бе?
7. Шайға неше қасық қант саласыз?
8. Неше кесе шай ішесіз?
9. Сізге кофе ұнай ма?
10. Ұлттық тағамдардан не аласыз?
11. Асхананың іші қандай?

3.
1. «Асханада» атты мәтінді оқып, талдаңыз.Прочитайте текст «Асханада», ипроанализируйте новые для Вас слова.
2. Орыс тіліне аударыңыз.Переведите на русский язык.
3. Қалау рай тұлғасында тұрған етістіктерді теріп жазыңыз. Выпишите из текста глаголы в желательном наклонении.

Мәтін
АСХАНА.
Біздің университеттің екінші қабатында үлкен асхана бар. Мұнда салқын тағамдар, ыстық тамақтар, сүт тағамдары және түрлі сусындар сатады.
Біз үш мезгіл осы асханадан тамақтанамыз. Таңертеңгі асқа жеңіл тағамдардан ботқа, шай немесе сүт, май және нан алғымыз келеді.
Түскі асқа біріншіге сорпа немесе борщ, екіншіге қуырдақ немесе мәнті, үшіншіге шай немесе кофе, кейде сүт, айран ішкіміз келеді.
Дастархан мәзірін көрген соң, тапсырыс бергіміз келеді. Пышақ, қасық, шанышқыны бос үстелге қойып, тамақты өзіңіз аласыз. Мұнда даяшы болмайды. Сондықтан бұл асханада әркім өзіне-өзі қызмет етеді.
Бұл асханадан студенттер, жұмысшылар, қызметкерлер және университет оқытушылары тамақтанады.
Туған күн және мереке күндері мұнда түрлі кездесулер өткізіміз келеді.
Асхананың іші таза, жарық, кең. Асхана қызметкерлері халыққа мінсіз қызмет етеді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
anzhela33
01.05.2023 15:37
Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек. Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
0,0(0 оценок)
Ответ:
deadraccoon20
10.01.2022 06:23

Адам – ең жоғарғы құндылық. Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.

Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.

Орыс жазушысы К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;

Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» - деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота