Қазақстанның шебер теннисшісі әрі жеке разряд бойынша ITF-тің бес турнирінің жеңімпазы Зарина WTA рейтингінің 3-ші тамыздағы жаңа көрсеткіші бойынша 32-ші орынға тұрақтаған.
Зарина Дияс теннисте өз шеберлігін дәлелдеп, Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын иеленді. Ол өз шеберлігімен бір жыл ішінде 500 мың доллардан астам қаражат ұтқан. Жалпы алғанда өз мансабында спортшы 700 мың доллар табыс түсірді.
Объяснение:
Жансая Әбдімәлік – шахматтан еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген қазақ қызы. Ол небәрі он төрт жасында гроссмейстер атанған.
Гроссмейстер – шахматшылар арасындағы ең жоғарғы дәреже.
2012 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылы 20 жасқа дейінгілер санатында Азия чемпионатында екінші орынға тұрақтады.
2000 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген Жансая өз жасына сәйкес қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған.
3. Сұлтан Сармырзаев
Сұлтан Сармырзаев – бейбіт күннің батыры атанған қазақ сарбазы. Оның досын құтқарған ерлігі видеоға түсіп қалып, ел назарына іліккен болатын.
Қорғаныс министрлігі сарбазды "Жауынгерлік ерлігі үшін" мемлекеттік наградасымен марапаттады.
Еске салсақ, 2014 жылдың қыркүйек айында Қапшағайдағы 28079 әскери бөлімінің қызметкері Сұлтан Сармырзаев кезекті оқу-жаттығу кезінде батыл әрекет жасап, өзінің және қарулас досының өмірін сақтап қалған.
https://youtu.be/E1oelfQYI_I
Кезекті секіру кезінде екі жауынгердің парашюттері айқасып қалады. Ал секундына 100 метр жылдамдықпен құлап келе жатқан Сармырзаев жедел әрекет етіп, жерге 200 метр қалғанда қосалқы парашютін ашып, жерге аман қонады.
Айта кетерлігі, қосалқы парашют тек бір адамның салмағын көтере алады. Соған қарамастан, жігіт тәуекелге барып, досын да аман алып қалған.
Сұлтан 1994 жылдың 25 наурызында Шымкентте дүниеге келген.
1. Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді.Иммунитет жүйесін құрайтын жілік майының түрлі ауруға қарсылығын күшейтеді.Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.Эритроциттің жұмыс өнімділігін күшейтеді.Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді. Су – буын қуыстарын негізгі майлаушы зат.Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады.Ішек жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.Дене температурасын реттейді.Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.Жүрек ауруы мен сал (параллич) ауруынан сақтайды. Мидан гормонар бөлінуі үшін қажет.Су адам зейінін ашады.Жұмыс өнімділігін арттырады.Ешқандай кері әсері жоқ.Стресс пен депрессияны басады.Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды басады, теріні жұмсартады.Көзге көру қасиетін береді, ағзада қан жасалуын реттейді.Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.Дене қызуын басады. Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды.Жүктілікте жүрек айнуын азайтады. Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі.
2. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады.
3. Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық. Сусыз адам, жануар, өсімдік те өмір сүре алмайды. Себебі адам мен жануардың ағзасы су арқылы жүреді, ал өсімдік су арқылы өседі. Су. Екі ғана әріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді. Тіршіліктегі құбылыстардың бәрі судың қатысуымен жүреді. Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі айналыста жүреді. Жер бетінде сусыз тіршілік болмайды. Сондықтан судың қадірін біліп өсуіміз керек.