ответ:1.Мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ.2. Жайлы , шұрайлы жерұйықты , "қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған" жайлы қоныс іздейді .3.Маңғыстау емес, «Мың қыстау» екен» депті. «Төрт елі қырдың жайы-ай, жусанның майы-ай, жылқы күнелтетін жер екен» деген екен.4.«Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс»,5.«Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер6. Шөбің шүйгін , суың бал , топырағың май екен . Қадіріңді егін салған ел білер, - депті .7.«Айналаң жапан дүз екен, тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді шақырар, басына байлық қонар, жұртың ашықпас! деген .8. Шыңғырлау, сен құт болған екенсің, сен өсірген екенсің!» - депті.
«Сүйіспеншілік пен достық» тақырыбына дербес пікір жазу.
1. Cүйіспеншілік пен достық бар адамға тән деп есептеймін.
2. Себебі, сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі, сүйіспеншілік дегеніміз – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Ал «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағаммен тең» дегендей, достықсыз өмірімізді елестету қиын.
3. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі.
4. Әрине, сүйіспеншіліксіз өмір сүруге әбден болады дейтін адамдар да кездеседі.
5. Дегенмен, сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көріп, мейірімін төккен ата - анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне бастайды.
6. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Ендеше, сүйіспеншілікті пен адал достықты өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты, ал достығымыз мәңгілік болсын!