Менің мектепте ұнататын сабағым қазақстан тарихы. Біз қазақстан тарихынан қазақстан және тағы басқа елдер туралы көп біле аламыз. Және оның көмегімен ата-бабаларымыз туралы да көп мағлұмат ала аламыз.
Келесі менің ұнататын сабағым ағылшын тілі. Ағылшын тілінен де біз көп нәрсе түсінеміз.Ағылшын тілін жақсы меңгеріп алсақ біз шет елдерге оқуға түсуге мүмкіндігіміз болады.
Және де менің тағы бір жақсы көретін сабағым ол математика пәні. Математика пәні біздің өмірімізге өте керек пән. Математика пәні бізге дүкенге кірсек те, және тағы басқа жерлерде керек пән.
Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Кезінде фантаст жазушыларымыздың қаламынан туған «робот» есімді темір адамдар жеті қат көктегі жұлдыздар әлемінде қадам басып, жер астына дейін сапар шекті. Кеңес дәуірінде осындай қиял-ғажайыпқа толы романдар, повестер, хикаяттар, әңгімелер жетіп артылатын. Олардың бәрі келешек пен өткен заманның құпияларын барлап, хал-қадерінше әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ықпал етті.
Ал қазір ше? Қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады.