Жазда атаммен жайлауға бардым. Күн ыстық болды, жолда шаршадық. Атам екеуміз ағаштың көлеңкесінде демалдық. Бір мезетте жел соқты. Жел шөптермен, ағаштың жапырақтарымен ойнады.
Атам:
– Қоңыр жел өте тамаша! – деді.
Мен атамнан:
– Неге оны қоңыр жел деп айтады? – деп сұрадым.
Атам:
– Қоңыр жел – адамдарға жайлы, жұмсақ жел.
– Ата, қоңыр жел қай кезде соғады?
– Қоңыр жел жазда соғады. Қоңыр желді басқаша «самал жел, майда жел» деп айтады.
Атам қоңыр жел туралы өте қызық әңгіме айтты. Қоңыр жел маған ұнады, мен шаршағанымды ұмыттым.