daniilkomarov
23.07.2020 16:53

6)Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талда: Қасиеті, топтарға, болады, пайдалі

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Danilenok
07.05.2023 20:10

Абай жолы.

Қазақ ауыз әдебиеті мен қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық мәселелері туралы біршама іргелі еңбектердің авторы, Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, драмашы, публицист, аудармашы, әдебиет сыншысы, педагог, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүние жүзі әдебиетінің классигі,жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі - Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылдың 28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті. Ұлы тұлғаны қай қырынан зерттесек те, қай салада болмасын дарындылығы мен ерекше қабілетінің арқасында өшпес із қалдырған.

Әрине Мұхтар Әуезовтың есімін естігенде алдымен барлығымыздың ойымызға «Абай жолы» роман – эпопеясы келетіні сөзсіз. Себебі бұл роман - жазушының әдебиет жолындағы жарық жұлдызы, шоқтығы биік туындыларның бірі. Бұл туынды ұлттық танымы мен болмысын тамаша суреттеген. Бұл романды жазбас бұрын Мұхтар Омарханұлы он бес жыл бойы Абайдың өмірі мен шығармашылығын бар қырынан зерттеген екен. Жиналған материалдың көптігінен Мұхтар Әуезовге роман жазуға тура келіпті. Бұл романда жазушы барынша шынайы болуға тырысады. Жазушы Абайды ең біріншіден өз уақытының жемісі, өз заманының үні екенін жадында ұстады, соны оқырманға жеткізді. Аталмыш туынды тек қазақ халқының мақтанышы болып қана қоймай, сонымен қатар дүниежүзілік әдебиеттің классикалық шығармалары қатарына енген.

0,0(0 оценок)
Ответ:
LSP111
11.06.2020 00:48

"Көксерек".

Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі – Абай, ХХ ғасырдағы асқар биігі – Мұхтар Әуезов. Дүниежүзілік әдеби классикаға асыл қазына болып қосылған қайталанбас көркем туындыларында М. Шолохов орыс өмірінің осы ғасырдағы елу жылдық болмысын бар бұралаңымен түгел шебер жинақтама, Мұхтар Әуезов қазақ қоғамының өткен ғасырдағы елу жылдық бітімін бүтін тамыр-тереңімен қопара зерттеп, аса білгірлікпен, асқан зергерлікпен жарқырата ашты.

М.Әуезов қаламынан небір асқақ туындылар шықты. Оның шығармалары әдебиетіміздің сүт бетіндегі қаймағы десе де болады. Ал "Көксеректі" оқымаған, фильмін қарамаған қазақ жоқ шығар.

М. Әуезов «Көксеректе» үстем күштің әсерінен елден де, жерден де, ғасырлар бойы бастан кешкен тұрмыс-тіршіліктен айрылу алдында тұрған қазақ халқының жалпы болмысын суреттеуді мұрат тұтқан. Повесть жайын профессор Б.Майтанов: "Көксеректі" әлем әдебиетінің антологиясына кіргізетін, қамырдан қыл тартқандай қалам құдіреті, шеберлік осындай-ақ болар!"-дейді. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады.

Шығармада тек табиғат пен адам қатынасын ғана емес, сонымен бірге отбасылық текетірестің де, қас пен дұшпан арасындағы жауыздық та көрсетілген. Бұл – үлкен адамзаттық мәселелер. Қасқырлардың өзі бір-бірін жеп жатқанда, қасқырдың адамға шабуы шүбәсіз. Құрмаш өзінің хас жауы қасқырды аяп, бауыр басқаны үшін ғана құрбан болып кетті. 

Шығармадағы типтік образ, қазақтың қарапайым қойшы баласы – Құрмашты жасауы үлкен құбылыс десек болады. Ал көксерек десе кез келген қазақтың жүрегінің дір ететіні белгілі. Мұндай ірі образ жасаудың өзі – шеберлік. Автордың шеберлігі мен парасатына тағы бір мәрте көз жетеді. Мұндай шеберлікке бас имеске болмас...

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота