софа448
01.05.2020 07:12

Мәтінді мұқият оқып, үш-төрт сөйлеммен комментарий жасаңыз. Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол -
Ғаламтор. Адамзаттың интеллектуалдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың
ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз. Ал ғаламторды
қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды.
Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті
ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие
боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек
уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т. б зияны туралы
айтсақ, ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт
мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда
адамға зияны аз болады. Әрине, кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса, оның зияны
болады.
Ғаламтор – сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба. Оның
бізге үйретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. Қазіргі дамыған дәуірге дұрыс
сәйкескісі келген адамға бұл технология ауадай қажет. Оның қызмет аясы төтенше
шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен
дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Қысқасы әлемді уысына алған
ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын
бүкiлдей жаңа жүйе қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние
ашсаңыз – алақаныңызда, жұмсаңыз – жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында,
нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
dmahov228
14.01.2023 06:01

ответ:Жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесіне 19-ғасырдағы Қазақстанның батыс өңірінде болған Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің жалынды жаршысы болған Махамбет Өтемісұлының соңғы күніндегі оқиғалар өзек болған. Әңгіме «Қараой» жерінің табиғаты мен сипатын танытудан басталады. Қазан айының қара суығы әлі түспеген кезеңде Махамбет «Қараойдың» өзіндік ерекшелігін көз алдынан өткізіп, бірде осы мекенді оттай ыстық санаса, бірде жаттай көріп, оймен заманның тарылмаған, Исатайдың бар кезіндегі шаққа ойысып, өзіңнің қазіргі жайына іштей мүжіліп күйінеді. Қоңыр үйде қоңырқай тірлік кешіп жатқан, жалғыздықтан жанын мұң торлаған Махамбет ішінде алай-түлей ой арпалысы жүруде. Таң атқалы сондай. Ешкімге сенгісі жоқ. Сенім мен күмән теңдей, итжығыс түсіп жатыр. Әр нәрсеге елегзіп, әр нәрседен секем алады. Досы азайып, қасы көбейген кезде Ықыластай бұрын бірге жүрген адамға сенейін десе де, әлденендей күдіктер бой көтеріп, ойын тұрақтата алар емес. Шығармада осылайша Махамбеттің осындай ой арпалысы монолог түрінде өрбіп, батырдың жан күйін нақты бейнеленеді. Әңгіме тақырыбының «Қараой» болуы тегін емес. Махамбет осы «Қараойда» ізіне түскен сұлтанның итаршы тобының қолынан қаза табады. Батырдың шешіле сөйлесуін, қаруын тастауын өтінген және ойындағысын болдырған Баймағамбет сұлтанның тіліне азған топ адам өз үйі, ошақ қасында жары мен баласының көзінше батырды мерт етеді. «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген аталы сөздің парқына бармаған опасыздар жапан далада қалған жетімектер мен жесірді аңыратып, батырдың бәйге атын мініп жүре береді. Сонымен «Қараой» бір кездері елдің құт мекені саналса, бүгінде сол күнгі оқиғамен қайғы жамылдырған жайды ұқтырар мекен болып қалғандай. Жарық күн де мына қаралы жайды көргісі келмегендей ұясына батуға асығып барады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ani32536
03.04.2021 14:48

В центре новой столицы суверенного Казахстана возведен уникальный по художественному значению и масштабам архитектурный ансамбль. Главная его составляющая – Акорда – резиденция Президента Республики Казахстан.

Акорда является одним из зримых образов новой философии развития страны. Символическое и функциональное предназначение резиденции нашло свое отражение в оформлении фасадов и интерьеров – их стилистическом и цветовом решении. Традиционное для европейской архитектуры решение наполняется новыми смыслами. Казахские и восточные мотивы в архитектурном убранстве дворца выражены темой кругов и орнаментальным декором.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота