
Өзінің туған елін, жерін сүю – табиғи құбылыс. Әрбірадамның бойында осындай қасиет болғанда, елде мықты болады. Әсіресе, өркениетті елдердің барлығында ол елдердің азаматтары өз мемлекеттерін мақтан етеді. Осындай мақтаныш сезімнің аясында үлкен сенім жатыр. Қазақ елінің тәуелсіздігі нығайған сайын азаматтардың мемлекетке деген сенімі арта түсуде. Патриоттық сенім бар жерде мемфлекеттің тұтастығы артады. Қазіргі кезде әртүрлі діндердің, ұлттардың өкілдері мекен ететін Қазақстан - баршамыздың ортақ үйіміз. Осы ортақ үйіміздің шаңырағы биік , болашағы жарқын болуына бәріміз мүдделіміз. Егер еліміз осындай берік болса, онда біздің де жағдайымыз жақсы болмақ. Осыны түсінген адам, соған қызмет еткен азамат – өз елінің шынайы патриоты. Отаншылдық сезім – тек елімді сүйемін деуден ғана тұрмайды. Патриоттық сезім – ең алдымен еліңнің тарихын, дәстүрін, тілін жақсы білуден басталады. Еліңнің өткенін жақсы білсең, - бүгіннің қадірін ұғынасың. Сондықтан, әсіресе, жас ұрпақ елінің өткенін білгені жөн. Біздің патриоттық сезіміміз еліміздің жетістіктеріне сүйсінуден айрықша байқалады. Мәселен, Қазақстанның әлемдегі беделінің артуы, қазіргі кезде Астананың өркениетті дамуы, экономикадағы жетістіктер. Сондай-ақ, бүгінгі таңда елімізді әлемге танытудың үлкен бір жолы – өнер мен спорт саласында. Мысалы биыл Лонданда өткен олимпиада ойындары Қазақстаннын даңқын бүкіл әлемге паш етті. Осы олимпиада чемпиондарын біз үлгі тұтуымыз керек.
Әрбір адам ең алдымен өз елін мақтан ете білуге міндетті. Қазақ елінің тарихы терең болмаса осынша алып жерді иемденбес еді. Қазақстанның басты халқын құрайтын қазақ халқының ерлігі мен елдігі болмаса дербес мемлекеттікке де жетпес едік. Ал бүгінгі таңда ұлтына қарамастан әрбір азамат қазақ елін шын мақтаныш етіп, соған қызмет етсе, онда біздің Отанымыз алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылады. Сондықтан еліміздің нағыз патриоты бола білейік.
Объяснение:
Қыс келді. Түн ұзара бастады,Қар қалың жауды, Аяз қатты болады, Өзен суы мұз болып қатты, Балалар далада қармен ойнады,Қардан ойыншықтар жасады,Бір топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр,Бәрі жылы киім киген,Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.
Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.
Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!
Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.