қазіргі уақытта біз қоғам өмірінің барлық тұрғысын көзбен көріп ,әртүрлі эмоция алғымыз келіп әсерге бөлену үшін басқа шет елдерге баруды жөн көреміз. Алайда қазіргі әлем дүрбеленін барлық ел, қауым көріп , естіп жүрміз . Бұл дүрбелеңнің жаңа толқыны өте қауіпті, улы вакциналар , әртүрлі жұқпалы аурулар адамдарға жұғып , қауіп төндіріп тұр.Біз алдағы уақытта бізді не күтіп тұрғанын білмейміз. Сол себепті біз адамдардан аулақ жүріп , өзіміздің жағдайымызды өзіміз қадағалап жүрміз . Егер біз шет елдерге сапарлар жасап , көпшілік адамның манайында жүрсек , онда бізге бұл індет жұғады. Біріншіден көршілік жүрген жерде ауа ластанады , ал біз сол ауаны жұтып өзгелердің вирус ауасына уланып , ауырамыз. Ал екіншіден қауіпсіздік шараларын орындамасақ бізді нендей қауіпті аурулар күтеді. Және осылайша біз қоғамдық өмірден уланамыз. Сол себепті барынша қауіпсіздікті сақтап, гигиеналық талаптарды орындап , қоғамды, өзіміздің өміріміздің өмірімізді сақтайық. Бұл бәріміз үшін де тиімді.
Спорт-денсаулық кепілі.
Жаңа жыл басталысымен мен өз - өзіме «дәл бүгіннен бастап спортпен шұғылданамын және денсаулығымды күтемін» деп уәде бердім. Себебі, «еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, спортпен шұғылдануды ертеңге қалдыруға болмайды. Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.