Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхарадағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.
1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүриті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Сопылық идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.
Ахмет Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуан-и Хикмет» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған.
Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мистикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.
Эссе-Қазақ зиялылары
Баяғы заманда біздің қазақ ата - бабамыз, ақындарымыз қазақ халқының қамын ойлап, өз бастарын қатерге тіккен. Себебі өз халқын жоғалтып алмауы үшін. Ол кезде билер өте үлкен рөл атқарған. Олар ауылда болып отырған ұрыс - керісті шешіп, бәрін өз орнына қойып отырған. Ал ақындар жастарға өлең жазып, осындай, осындай жаман әдет бар, ол әдеттен, ол қасиеттен алыс болыңдар, жақсы іске қанағат тұтытыңдар деп өте көп өлең, шығарма жазады.Ал қазіргі жастардың істеп отырғаны ақылға сыйымсыз заттарды істеп, қазақ деген атқа кір келтіріп отыр. Абай атамыз айтқандай '' бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз қанағат, рақым ойлап қой. Ал жастар осы сөзді түсіне отырып, мән бермей жүре береді. Ал Ш. Құдайбердіұлының шығармалары өте мәнді, мағыналы. Оның шығармаларынан өмірге қалай төзімді болу керек екенін үйретеді. Егер осы шығармаларды күн сайын оқып жүрсең өте ақылды, өмірге шыдамды адам болып шыға келесің. Баяғы қазақтар шылым шегіп, түнгі клубта көңіл котермеген. Себебі ол кезде қазақтар орыстардың қол астында болмаған. Ал содан кейін орыстар бізді басына бергенде осы жаман әдеттер қазақ қарнына сіңіп кетеді. Біз солардан келе жатқан ұрпақпыз.