Объяснение:
Менің пікірім бойынша, Абай атамыз бұл қара сөз арқылы адамдардың бірден ақылды, атақты, данышпан болып туылуы мүмкін емес екендігін, адам барлығын біліп туылмайтынын түсіндіргісі келген. Өмірдегі қиыншылықтар мен түрлі қиын-қасіреттерді, жаман мен жақсыны көріп қана бұл дүниеде бір нәрсені біліп, үйренуге болады. Ең маңыздысы - өмірдегі әр болған оқиғадан өзіңе сабақ алу. Егер жақсы болса, одан да игі істерді жасауға тырысып, ал жаман болса, сол істерді жасамауға ниет қылған жөн. Бір сөзбен айтқанда, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек. Адам жақсы нәрселерді ескеріп, жаман нәрселерден сақтанып тек қана жақсылық жасауға ұмтылып тұрса онда ол адамның адамгершілігінің молдығын, жалпы "адам" деген атқа лайық екенін аңғаруға болады. Ал нағыз жақсы адамды мойындамай немесе оған сенбеген адамға артық сөз айтудың да керегі жоқ. Ондай адамдарға тырысып түсіндіргенше, жақсыларды мойындайтын жануарды баққан дұрыс дейді. Яғни жақсыны мойындамау - жануардың ісінен бетер.
Қазақ халқы сиыр малының қылығын бақылап, сол арқылы ауа райының жағдайын алдын ала болжап айтатын болған. Таңертең ерте сиыр малын бақылағанда, олар желге қырыс қарап, бейғам күйсеп жатса, сол күні күн жылы, желсіз, жауынсыз, қарсыз болады. Егер күн бұзылатын болса, сиыр малы алдын ала біліп, уақыты болсада өрістен ауылға ерте қайтады. Сиыр малы өріске шығарда тынышсызданып жан – жағына қарап, басын шайқап мөңіресе, мазасызданса, қарлы борасын соғып, қар жауып, күн суытады. Жазда сауын сиырлары бұзауларына қарай мөңіресе, жауын жауардың ишарасы болмақ. Жауын жауып жатқанда бұқа мөңіреп, өкіре жүрсе, аспан ашылудың айғағы. Сиырлар жайылып жүргенде жүндері үрпейсе, ауа райы бұзылудың белгісі. Сиыр желге қарап жайылса, күн суытудың белгісі. Ал қыста, көктемде қай жаққа қарап жайылса да күн жылы жайлы болатынның белгісі болмақ. Сиыр кенеттен суалса, онда кешікпей ылғал жауын болады.