Менің болашақ мамандығым
Менің болашақта полиция қызметкері болуды армандаймын, себебі біздің отбасымызда атам да, әкем де, үлкен ағам да полиция қызметкерлері - бұл да менің келешек мамандығымды таңдауда өз септігін тигізді деп ойлаймын.
Полиция қызметкерінің жұмысы аса қауіпті әрі ауыр, сонымен қатар үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі сен ел мүддесін жоғары қойып, қашанда қызмет етуге дайын болуың керек. Қоғамдағы тәртіпті сақтап, тынымсыз еңбек етуің керек.
Полиция қызметкері болу үшін денсаулығың да мықты болып, спортпен шұғылдану керек. Бұл қызметті тек шыдамды, аса жауапты, адал адамдар таңдау керек.
Мектеп бітірген соң арнайы жоғары оқу орнына түсіп, болашақта ел мүддесін қорғайтын жауапты полиця қызметкері болғым келеді.
мағынасы:Ұстамдылық — адамның бойындағы жағымды қасиет; өз тәртібін қадағалай білу, қызбалығы мен үстірт әрекетін тежей алy, оларды қолданыстағы тәртіп нормалары мен ережелеріне бағындыру. Ұстамдылық қасиеттерін тәрбиелеуде балаларды мектепте қолданыста жүрген білім беру ұйымдарының жарғысымен, оқушылар тәртібінің ережесімен таныстыру, өз әрекетін қабылданған тәртіп нормаларымен салыстырудың тұрақты жаттығулары қолданылады, олар балаға және оның ортасына кері ықпал ететін әрекеттерден сақтандырады. Ұстаным— адамның өмірлік іс-тәжірибесінен қалыптасқан, оның өзіндік дүниетанымы мен пікірін білдіретін, белгілі бір жақтайтын көзқарасы.[1]
Объяснение:
синонимі: