просвятленный
02.12.2020 15:06

Төрт түліктің пайдасы Түйе - төрт түлік малдың ең қасиеттісі. Қазақ халқы түйені «дала кемесі» деген. Ол
шөлге шыдамды, көшкенде көлік, жесе - ет, жүні - киім. Түйенің жүнінен бас киім,
шапан не тек жамылғы көрпелер жасаған, аяққа басуға болмайды деп төсеніштер
жасамаған. Түйенің шудасын, сүтін емге пайдаланған. Сүтi қою, құнарлы. Сүтінен шұбат,
құрт, балқаймақ, т. б. жасаған.
Сиыр үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі
мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй кедей үй деп есептелген. Ертеде сиырдың терісінен
ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Сиырдың тезегін
отын ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.
Қой - төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі. «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы
оның көл көсір» деген қазақ атамыз. Өзі өсімтал, сүті майлы әрі жұғымды, қонақ асы. Қой
мен ешкінің иленген терісін түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Қойдың
жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады.
Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды. Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің
еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті өте құнарлы. Ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен
асыраған. Ешкінің серкесінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті
бар. Ешкі жеңілтек мал деп есептелген, мінезі ұшқалақ, шы «ешкі құсап
селтеңдеп» деп ешкіге теңеп отырады. Тағы ешкінің жүнінен жылы әрі жұмсақ түбіт
орамалдар тоқиды.
Жылқы - қазақтың қасиетті малдарының бірі. Ат - ер қанаты. Жылқы жүйрік, әрі
өте төзімді мал, оны көлік ретінде пайдаланады. Қымызы ем, еті мен сорпасы қысты күні
тондырмайды. Жылқының жалынан, құйрығынан арқан жіп есіледі, етінен қазы-қарта,
жал-жая жасайды.
1-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңдар.
Найдите в тексте прилагательные и запишите.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sargsyana524
15.10.2020 08:13

Менің ойымша қазіргі балалардың көбісі еңбек етіп жатыр . Ол еңбек дегеніміз жалақысы бар деген сөз емес. Мысалы балалар үйіндеде еңбек етеді. Анасына , әкесіне үй шаруасына көмектеседі.

Менің ойымша ол өте дұрыс. Себебі әр істе ата-анаңа қолғабыс болу керек .

Ал шынында ол еңбектің жаман түрі бар ма ?!

Менің жауабым : Ия , ондай еңбек болады .

Ол қандай болады деп сұрауыңыз мүмкін . Ол істеген еңбегіне міндетсіну. Мысалы мен сіздерге анау жұмыспен көмектескен едім , ееді сіз маған сол үшін ақша төлеңіз деген сияқты . Ол ең жаман еңбек. Себебі жасаған ісіңе міндеттенуге болмайды .

Шынайы оқиғаны айта кетейін .

Мен досым бір күні әкесіне даланың жұмыстарымен көмектесті . Есесіне ақша сұрады . Ал бұл өте жаман еңбек

0,0(0 оценок)
Ответ:
Landess
15.07.2022 12:50
Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзеніні бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота