yulyatimonen
31.08.2020 21:24

кому не сложно
надо с каждым словом придумать текст​


кому не сложнонадо с каждым словом придумать текст​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
temka32984
18.03.2022 03:25

Ел намысы – ер намысы

«Ел намысы – ер намысы» деген мақал жолдарымен толықтай келісемін. Қазақ халқы қашанда намысты ту етіп, биік қойған ұлт. Ұл балаларды кішкене күндерінен намысты қолдан бермеуге тәрбиелеп, бастарын идірмей, үміттерін сөндірмей өсірген халықпыз. Ар – намыс туралы мақал – мәтелдер де жетерлік, солардың ішінде маған ең ұнайтыны - «Ерді намыс өлтіреді, қоянды намыс өлтіреді». Демек, намыссыздық адам бойындағы жағымсыз қасиет.

Менің ойымша, намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды, адам бойында патриоттық сезімдерді оятып, елін, жерін, ұлтын ерекше қадірлеуге үйретеді. Яғни, намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Бойында ұлттық намысы бар адам әрқашан мәдениетін, тілін, дінін, салт – дәстүрін қастерлейді. Намысшылдық қасиет отбасымызда өз бастауын алып, ата – анамыздың үлгісімен өз жалғасын табады. Қандай заман болмасын, бізді ұлт қылған, тәуелсіз ел қылған осы намыс екенін ұмытпағанымыз жөн. Ұлттық намысымызды сақтай білейік, жүрегі «қазақ» деп соғатын намысқой жігіттеріміз көп болғай! Ұлттық ар – намысымызды сақтай білсек, ар – ождан да биік болады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
ДимаЛапа
22.09.2021 13:02
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отанда а солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отанүшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой.Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады. 
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досыңОтанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. 
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді.Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда. 
Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.
«Қазақстан – ұлы Отаным» 
Қазақстан менің елім, аңсағаным 
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын. 
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып, 
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын. 
Отаным – Қазақстан туған елім, 
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім. 
Өсе бер өркендей бер, Елім менің, 
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.

 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота