Saidusa
29.07.2021 03:04

10. Тіл туралы өлеңдерді авторымен сәйкестендір 1) М.Жұмабаев

а) Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім
2) Анна Ахматова

ә) Ана тілім, жүрегісің анамның.
Жүрек-ана, мен өзіңнен жаралдым.
3) Ө.Ақыпбеков

б) Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың
4) Н.Аитов

в) И мы сохраним тебя, русская речь,
Великое русское слово.
5) М.Мақатаев

г) Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен
А) 1-б; 2-в; 3-г; 4-ә; 5-а
В) 1-ә; 2-в; 3-б; 4-а; 5-г
С) 1-а; 2-б; 3-в; 4-ә; 5-г
D) 1-в; 2-а; 3-а; 4-б; 5-г
Е) 1-г; 2-а; 3-в; 4-ә; 5-б

11. Абай қанша жасында өлең шығара бастады?
А) 14
В) 15
С) 7
D) 8
Е) 12

12. Тәуелдік жалғаудың үшінші жағында тұрған көмекші есімді тап.
А) Мектептің іші
В) Мектепке келдім
С) Мектепте оқиды
D) Мектеп- білім ордасы
Е) Мектебім-мақтанышым

13. "Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасы мен баласын" мақалдан дерексіз зат есімді тап
А) тіл
В) жер
С) көк
D) ана
Е) бала

14. Күшейтпелі шырайы бар тіркесті тап?
А) өте жақсы
В) кең бөлме
С) әдемі қыз
D) ақшыл киім
Е) қысқа жіп

15. "Уақыт- саған берілген керемет сый" сөйлемдегі сын есімді анықтаңыз
А) керемет
В) уақыт
С) сый
D) берілген
Е) саған

16. Табыс септік жалғауындағы сөзді табыңыз
А) малды
В) барады
С) асыранды
D) ағызды
Е) оқыған-ды

17. Деректі зат есімді тап.
А) шашбау
В) шаттық
С) шындық
D) қайрат
Е) ар-ұят

18. "Сен де - бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!,"- деп жастарға өмірден өз орнын
табуды насихат еткен ақын кім?
А) А.Құнанбаев
В) А.Байтұрсынов
С) М.Жұмабаев
D) М.Мақатев
Е) Н.Аитов

19. Дөрекі сөздерді сыпайылап, басқа сөздермен ауыстырып жеткізуді не дейміз?
А) Эвфемизм
В) Дисфемизм
С) Көмекші сөздер
D) Зат есімдер
Е) Сын есімдер

20. Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Берілген өлеңнен жолдарындағы ілік септікте тұрған сөздерді анықтаңыз
А) бақ ардың, не бардың
В) сен қалдың
С) нұрлы жұлдыз
D) бабам тілі
Е) жауыз тағдыр

21. Мағыналары қарама- қарсы сөздерді тап
А) Ол судың ыстық-суығына қарамай қотарып салды
В) Ол баладан бәрін бүге-шүгесіне дейін сұрап алды
С) Соғыстан кейін бұл жердің астан-кестеңі шықты
D) Кең зал ығы-жығы халыққа толды
Е) Ол мейрамдарда көрші-қолаңдарды аралап кетеді

22. "Айтылған сөз- атылған оқпен тең" мақалдан деректі зат есімді тап
А) оқ
В) айтылған
С) атылған
D) сөз
Е) тең

23. Синонимді тап
А) Қауіп бар жерде қатер бар
В) Ол әншілік өнерді өте жас кезінен бастады.
С) Күләштің әншілік өнері әлемге әйгілі.
D) Таңертең қорадағы екі-үш тұяқты өріске айдап шықты
Е) Дауылдан кейін тыныштық орнаған.

24. Сын есімі бар мақалды тап
А) Өтірік сөз өрге ба
В) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
С) Отан отбасынан басталады
D) Ата өнері-балаға мұра
Е) Күшіңе сенбе, ісіңе сен

25. Лексикалық мағынасынан айырылып, сөйлемде зат есімдермен тіркесіп қолданылатын есім сөздерді тап.
А) Көмекші есім
В) Сан есім
С) Сын есім
D) Зат есім
Е) Жалпы есім

Мәтінді оқып, тапсырмаларды орында.
Қымбат қазына
Ертеде бір тілге жүйрік, шешен қария көз жұмарында ұлына: «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет», - депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып- ашып жүріп, ауылдағы абыз ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
-Е, балам, әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ па, сірә! – деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
(edulife.kz/sabaq-kz/attachment/tuan-tlm-tregm.docx)

26. Мәтіннің мазмұнына сай мақалды анықтаңыз
А) Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем
В) Байлық байлық емес, бірлік — байлық
С) Бейнет көрмей, дәулет жоқ.
D) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
E) Оқу- инемен құдық қазғандай

27. "Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ па, сірә! – деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті." сөйлеміндегі шығыс септігінде тұрған зат есімді тап
А) тілден
В) дүниеде
С) сөздің
D) мәңгілік
E) жұмбағын

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Lafemme1
15.12.2020 01:16
Су адамға әрдайым керек. Сусыз өмір сүру өте қиын. Себебі а сусыз өмір жоқ. Біз суды күнделікті пайданаламыз. Бірақ біз кейде суды күн сайын пайдаланғанымыз соншалықты судың қадірін білмейміз. Әсіресе жаздың ыстық күнінде адамға бірінші су керек. Судың да сұрауы бар деген қазақта мақал бар. Су ағып тұр ғой, таусылмайды ғой деп суды құр босқа шашып немесе төге беруге болмайды. Кейбір адамдар сол суға зар болып қалады. Быз өмірде бүкіл тұрмыс-тіршілігімізде суды пайдаланамыз. Тамақ істегенде де, кір жуғанда да және т.б. істерде қолданамыз. Судың қадірін аш қалғанда және Ораза ұстағанда білесің. Себебі таң атқаннан күн бақанға дейін суды ішпей жүру қиын. Кейде үйде су өшіп қалса, бүкіл тірлігің жайында қалады. Судың өшпеуін қадағалау үшін, суға ақшаны алдын ала төлеп қою керек. Кәзіргі кезде біз суды кранттан алып су ішеміз. Ал баяғы заманда суды құдықтан алып үйге тасып ішетіңн болған. Құдық болмай тұрып, өзеннің, көлдің, теңіздің суын ішетін болған. Ашаршылық кезде су болмағанда адамдар лай суды жанталасып ішкен. Ал біз кәзір қарапайым суды менсінбейміз. Ондай болмау керек. Біз жаңа технологияның дамуына байланысты таза су ішеміз. Себебы ол жердегі мамандар суды әптен тазалайды. Мамандар суды 1 литрліктен 5 литрлік баклашка суды құйып сатып жатыр. Мысалға "Тау", "Тассай", және т.б. Менің ойымша әрбір адам судың қадіріне жете білу керек.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ImVadimka
02.12.2020 08:29
Менің атым Владислав.Ұлтым-орыс.Мен мың тоғы жүз тоқсан сегізінші жылы он төртінші тамызда дүниеге келдім.Қазақстанның Семей өңірінде тұрамын.29-шы мектепте 11-ші сынып оқушысымын.Менің отбасым төрт адамнан құралады:анам,әкем,мен және інім.Кішкентай ініме төғыз жаста.Үшінші сыныпта оқиды.Анам  отыз алты жаста,қоймада атқарушы қызметінде жұмыс істейді.Әкем болса қырықта,завод директоры болып жұмыс атқарады.Мен көбінесе техникаға,компьютермен және оған байланысты заттарға қызығамын.Мектепті бітірген соң IT технология мамандығына түскім келеді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота