dsfsksgsms
28.02.2020 06:31

выполнить тапсырма Тапсырма:
1.«Менің танысым» атты мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз,
2.Мәтінді пайдаланып «Курстасымның сыртқы келбеті және қасиеттері» сипаттама құрастырыңыз. (үйге, мәтінді пайдаланып)
3.Берілген мәтіндерден сын есімдерді теріп алып, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай тұлғаларына қойыңыз. (үйге-2 сөз)
4.«Танысымның қасиеттері» атты тақырыпқа әңгіме жазыңыз.
5.«Менің досым» ауызша суреттеме беруге дайындалыңыз.

Лексика:
Менің танысым
Мен танысымның сыртқы келбетін суреттеймін. Танысымның аты – Дәурен. Оның жасы жиырма жетіде. Оның бойы биік, ол орта бойлы емес. Дене бітімі келісті, шымыр. Дәурен спортпен айналысады. Дәурен арықта емес, толық та емес. Ол қараторы, мұртсыз жігіт. Дәурен көзілдірікті емес. Оның көзі көк емес, қара және ойлы. Шашы қара және қалың. Кірпіктері өте ұзын емес. Дәуреннің мұрны қыр мұрын, еріндері қалың. Бетінде дақ, тыртық жоқ. Маңдайы кең, ашық. Дәуреннің қолы, аяғы қысқа емес ұзын, себебі оның бойы биік. Бір сөзбен айтқанда, менің танысым сымбатты, тартымды жігіт.
Адамның жағымды қасиеттері: сыпайы, инабатты(уважительный), кішіпейіл(скромный), елгезек-(шустрый,проворный,чуткий), әдепті, білімді, ақылды, ұстамды(сдержанный), салмақты(уравновешенный)
Адамның жағымсыз қасиеттері: ашуланшақ, әдепсіз, өсекші, ұстамсыз, өтірікші, нашақор, ішкіш.
Тапсырмалар:1) Мақалдарды аударыңыз, өз сөзіңізбен түсіндіріп жазып
беріңіз?
• Адамның сырты алдамшы.
• Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.
• Бейтаныс кісі – бітеу жаңғақ.
2) Өз отбасыңыздан бір жақын адамыңызды сипаттап жазыңыз.
3)Сын есімнің жасалуын қайталаңыз.
Сұрақтар:
1. Дәрігердің қабылдауында.
2. Дәріханада. Емханада.
3. Денсаулық - зор байлық.(Тақырып бойынша өз ойыңызды жеткізіп беріңіз)
Тапсырмалар:
1. Тақырыптық лексикаға көлемді сөздік құраңыз. – составьте словарь по лексической теме.
2. Тақырыбы бойынша көршіңізбен әңгімелесіңіз.- общение с однокурсником по данной теме.
3. «Дәрігерде», «Дәріханада» деген сұхбат құрастырып, қазақша сөйлесуді үйреніңіз. Составьте интервью на казахском языке на одну из предложенных тем.
4. Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырыңыз.-Прочитайте текст, составьте вопросы по тексту.
5. Сұрақ – жауап арқылы көршіңізбен сөйлесіңіз.-По составленным вопросам пообщайтесь с однокурсником.
6. Тақырыпқа байланысты қандай мақалдарды білесіз? Жатқа айтыңыз.-Какие Вы знаете пословицы по теме, расскажите.
Лексика:
Дәрігер қабылдауында.
1. Мәтін.
Сенбі күні Асхат достарымен тауға барған. Ол бірақ жылы киімдерін алмаған. Ал тауда кешке қарай күн суық болды, қатты жаңбыр жауды. Асхат қатты тоңды, аяғы су болды. Асхаттар жексенбі күні таудан қайтып келді. Кешке Асхаттың қызуы көтерілді, басы айналды, жүрегі айныды. Оның шешесі “жедел жәрдемді” шақырды. Он бес минуттан соң кезекші дәрігер келді. Ол Асхаттың қызуын өлшеді, тамағын қарады. Дәрігер Асхаттың өкпесін, жүрегін тыңдады, қан қысымын өлшеді. Оның қан қысымы да көтеріліпті. Дәрігер Асхатқа екі укол салды, он минуттан соң оның қызуы, қан қысымы төмендеді. Басы да өте қатты ауырмады. Дәрігер Асхатқа: “Таңертең емханаға келіңіз немесе учаскелік дәрігерді шақырыңыз” – деді. Асхат түнде жақсы ұйықтады.
2. Диалог.
Ауру – Кіруге рұқсат па?
Дәрігер - Әрине, рұқсат. Кіріңіз.
А. – Сәлеметсіз бе?
Д. - Сәлеметсіз бе? Мен сізді тыңдап отырмын. Қай жеріңіз ауырады?
А. – Менің асқазаным немесе бауырым ауыратын сияқты. Тамаққа тәбетім жоқ, жүрегім айниды.
Д. – Ой, жігітім, бұл жарамайды. Асқазанмен ойнауға болмайды. Тамақты уақытында ішесіз бе?
А. – Мен әдетте сабақтан соң тамақтанамын. Асханада тамақ кейде ыстық, кейде суық болады.
Д. – Бұл, әрине, дұрыс емес. Қане, шешініңіз, бауырыңызды қарайын.
А. – Қазір, көйлегімді ғана шешемін, бола ма?
Д. – Иә, болады. Меніңше, сіздің бауырыңыз үлкейген сияқты, мына жеріңіз ауыра ма?
А. – Ой, бұл жер қатты ауырады.Әсіресе, тамақтан соң ауырады.
Д. – Жігітім, сізге жақсылап тұрып тексерілу керек. Алдымен анализдер тапсыру керек. Сонан соң мен сізге УЗИ-ге талон беремін. Ол жерде асқазан, бауырыңызды тексереді. Маған анализдер мен УЗИ-дің қорытындысын әкелсеңіз. Сонан кейін сізді емдейміз. Ал қазірше мына дәрілерді іше тұрыңыз.
А. – Жақсы, онда мен қазір дәріханаға барамын , дәрілерді алайын. Ал ертең таңертең анализдерді тапсырып, УЗИ-ге барамын. Сізге рахмет, сау болыңыз.
Д. – Сау болыңыз.
3. Мақал – мәтелдерді түсіндіріңіз.-объясните пословицы.
• Денсаулық – зор байлық.
• Тәні саудың – жаны сау.
• Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
• Ауырып, ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.

Тапсырмалар:1. Диалогты не туралы оқып, хабарлаңыз.-прочитав диалог,
сообщите письменно о чем говорится в нем.
2. Мақалдардың орыс тілінде, ағылшын тілінде сәйкес нұсқаларын тауып беріңіз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Ден2811
27.03.2023 23:26
Кіші атамыз (бәріміз Әлім атаны солай атай­тынбыз) шынында да нағыз ғұлама. Үйіне қашан барсам да қолында кітабы, сәлем алып, қысқаша жөн сұрасқаннан кейін қайтадан өз кәсібіне икемделген соң, ақырындап бөгет жасамайық деген сыңаймен шығып кететінбіз. Бірақ ауыз үйде Биғайша апамыз шай жасап күтіп отыратын, жарықтық. Кіші атам шайға кейде ғана келетін, көбінесе апаммен сұхбаттасып, шай ішіп үйден разы болып аттанатынбыз. Себебі, мен де, өзге туыстар да кіші атамның үйін қасиетті деп санайтынбыз, бұл бір. Екіншіден, бұл Сексенбай бабамыздың шаңырағы деп есептелетін. Өткен-кеткенде кіші атамның үйіне арнайы барып сәлем бермеу, мен үшін әдепсіздік. Әкем осылай деп менің санама әбден құйып тастаған. Өз тарапымнан кіші атамды ерекше жақсы көремін, ол араб, парсы тілдерін жетік меңгерген әрі кісі емдейтін қасиеті бар ерекше жан. Мен өз атам Есімнің інісі Әлімнің қатар өмір сүрген кездерін ғұмырымның сәулелі күндері, жылдары деп анық айта аламын. Себебі, олар заманының кемеңгерлері еді. Бұл жұрт пікірі, менің оған алып-қосарым жоқ. Ағайынды екеуі елдің ырысы да, құты да еді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ггвв
25.11.2020 09:52
Экономиканы-нені-толықтауыш,табиғатпен-немен-толықтауыш, салыстыруға болады-не істеуге болады-баяндауыш.
1)жай сөйлем,xабарлы,жайылма,жақсыз,толымды.
Экономика-Не-бастауыш байлыққа, бақытқа, бейті өмірге-неге-толықтауыш,барар-қандай-анықтауыш,жол-не-баяндауыш(бұл жерде бастауыш та баяндауыш та зат есімнен жасалған)
2)жай сөйлем,xабарлы, жайылма, жақты,толымды.
Жігіт-кім-бастауыш,үйленеді-не істейді-баяндауыш,қыз-кім-бастауыш,тұрмысқа шығады-не істейді-баяндауыш, кішкентай-қандай-анықтауыш,мемлекет-не-бастауыш,пайда болады-не істейді-баяндауыш.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота