Құсбегілік — елімізде кенжелеп қалған өнер. Кезінде ол не өнер емес, не спорт емес, бір ауыр күй кешкен кезде құсбегілікпен айналысатын ақсақалдармен ақылдаса отырып, аң аулайтын жыртқыш құстарды баптау, аңға салу ережелерін жасап едік. Қазір ол мүлдем ескірді. Енді халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, құсбегіліктің жалпы жаңа ережелерін, әдістемесін жасап, оны ұлттық спорттың бір түрі ретінде әрі қарай дамытуымыз қажет. Ол үшін бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орталық ашу қажет деп санаймын. Міне, сол орталықта көкпар болсын, тоғызқұмалақ болсын, бүркітшілік болсын, барлық ұлттық спорт түрлерінің мамандары жиналып, әркім өз саласын дамыту бойынша жұмыс жасар еді. Одан кейін әр облыста ұлттық спорт мектептерін, бөлімшелерін ашып, онда жастарды ұлттық спорт түрлеріне үйретуіміз керек»
2)
Құсбегілік– бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтайсияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер. Құсбегілік қазақ, қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Мәселен, «Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», «Тінейдегі қасиет — ұялас екен сарқұспен, Шорадағы қасиет — тілдес екен бар құспен»,— деген сөз-дер бар
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекеті Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті.
Объяснение:
Вот это ответ:
Подписка и лайк.
И лучших ответ