ffghh1gfdd
23.11.2022 00:11

сВнимательно прочитайте текст. Поймите содержание текста, сравните небольшие тексты и заполните таблицу)

Жанғыш пайдалы қазбалар

Тас көмір - ең көп өндірілетін пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі. Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар бөлініп алынады. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.

Кенді пайдалы қазбалар

Бұларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий сияқты металдар алынады. кенді пайдалы қазбалар орталық Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе, Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Олар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс материалдары үшін өте қажетті. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады. Әктас, құм, саз құрылыс салу үшін өте қажетті.

Жанғыш пайдалы қазбалар Кенді пайдалы қазбалар Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Бесполезная3
24.03.2021 21:15

Тіл туралы диалог (мақал - мәтелдерді қатыстырып).

- Айбибі, не істеп отырсың? Өзіңмен – өзің сөйлесіп отырсың ба?

- Жоқ, Мақпал. Түрік тілінен жаңа сөздерді жаттап, қайталап отырмын.

- Сен түрік тілін де оқып жүрсің бе?

- Ия.Менің үлкен ағам қазақ – түрік лицейінде білім алады ғой, білмеген нәрселерімді сұрап, ағамнан үйренемін.

- Қандай керемет! Ал мектепте ше, ағылшын тілін де қатар оқисың ба?

- Ия. Дәл солай.

- Қиын ғой, бірнеше тілді қатарынан меңгерген... Қалай шатаспайсың?

- Ынтаң болса, ештеңе де қиын емес. Мен керісінше көп нәрсе білгім келіп, жаңа білім алуға құштармын!

- Мен саған қызыға қарап тұрмын... Өзім ағылшын тілін онша білмейтін едім.

- Мектепте жақсылып оқып алғаның абзал. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.

Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ. Мен өз болашағымда шет тілдерімен байланыстырамын. Халқымыздың «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл" деген мақалдары - менің ұстанымым.

- Жақсы, Айбибі. Енді саған ұқсап, шет тілін ден қойып оқитын боламын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
nikitamarar2177
19.12.2021 06:20

А с - мектеп, көше, кітапхана, зауыт, кәсіпорын, өндіріс, бөлме, пәтер

І с - мектептің, көшенің, кітапхананың, зауытты, кәсіпорынның, өндірістің, бөлменің, пәтердің

Б с - мектепке, көшеге, кітапханаға, зауытқа, кәсіпорынға, өндіріске, бөлмеге, пәтерге

Т с - мектепті, көшені, кітапхананы, зауытты, кәсіпорынды, өндірісті, бөлмені, пәтерді

Ж с - мектепте, көшеде, кітапханада, зауытта, кәсіпорында, өндірісте, бөлмеде, пәтерде

Ш с - мектепте, көшеден, кітапханадан, зауыттан, кәсіпорыннан, өндірістен, бөлмеден, пәтерден

К с - мектеппен, көшемен, кітапханамен, зауытпен, кәсіпорынмен, өндіріспен, бөлмемен, пәтермен

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота