Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз.Қазақстан-қазақ халқының ата-баба мекені,ежелгі қонысы.Бұл жерде
ата-бабамыз туды,тұрды,өмір сүрді,оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері.Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шеңдескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп,мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп,әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып,Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған.Тәуелсіздік-мемлекет тұрғыдан алғанда еліміздің еркіндігі,елдің тізгінін өз қолына алуы,өз билігінде болуы.Көшпелі ата-бабамыз өз өркениеті мен төл мәдениетін сақтап қалып,өз мемлекеттігін қалыптастырды.Мемлекеттілік-қазақ халқы үшін ұзақ жылдардағы асыл арман мен асқақ мұраттың жемісі еді.Тарихтың қатпар бетін парақтап,тым тереңдемесекте,Керей мен Жәнібекті ақ киізге көтеріп,хан сайлаған кезеңнен беріде сан түрлі соқтықпалы-соқпалы жолдармен жүріп өттік.Тәуелсіздік-ұлы мұрат,қастерлі ұғым.Себебі,қаншама халық бұл айтулы күнге жете алмастан тарихи сахнадан біржола жоғалды.Ал, бүгінгі тәуелсіздік мемлекеттердің әрқайсысы өз мемлекеттілігін құруда сан қырлы белестерден өтті.Байтақ ел,күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті.