ЖеньОК282
12.10.2020 11:35

Вот текст:Менің туған жерім, атамекенім - қасиетті Қазақстаным. Әр ел өз тәуелсіздігін алуды армандайды, ал менің елім бақытты. Ол өзінің тәуелсіздігіне 1991 жылы қол жеткізді. Мақтан ететін мемлекеттік рәміздеріміз Ту, Елтаңба, Әнұран 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. 1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта теңге айналымға енді. Басты құжат -Ата Заңымыз 1995 жылы өңделіп, өзгерістер еңгізіліп қайта қабылданды. Еуразия жүрегі атанған Есіл өзенінің бойында бой көтерген 1997 жылы жас елордамыз болды. Астана елорда – ел мақтанышы. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әлемде теңдесі жоқ Қазақстан Халқы Ассамблеясы 1995 жылы пайда болды. Ту пішіні – тікбұрыш. Тікбұрыш-күш, қайрат белгісі.

Ту түсі – көгілдір. Көгілдір түс – бейбітшілік, тыныштық белгісі.

Ту элементтері: алтын күн, қыран құс, ұлттық өрнек.

Алтын күн – байлық белгісі.

Қыран құс – еркіндік белгісі.

Ұлттық өрнек –қол өнер жетісітігі.

Пішіні – дөңгелек. Мәңгілік өмір белгісі

Түсі –алтын, көгілдір.

Элеметтері:

Шаңырақ- үй, Отан белгісі.

Пырақтар - қазақ тұрмысының негізі, адал достық белгісі.

Жұлдыз- «5 құрлыққа ашықпыз»белгісі.

«Қазақстан» жазу – Қазақстанға қош келдіңіз белгісі.​


Вот текст:Менің туған жерім, атамекенім - қасиетті Қазақстаным. Әр ел өз тәуелсіздігін алуды арманда

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
AlicaWolker16
16.01.2020 18:41
                            Менің сүйікті мамандығым - дәрігер.
Өмірде әрбір адам өзі қалаған мамандықтың иесі атанғысы келеді. Әрқайсысы жанына жақын маман иесі болады. Таңдаған мамандық адамның қиялына қанат бітіріп, оны зор табыстарға жетелейді. Қазіргі қоғамда көптеген мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Мен қалаған сондай мамандықтардың бірі әрі бірегейі - дәрігер болу. Дәрігерлік қай кезде де өз биігінен түскен емес. Адамның өмірін ажалдан арашалап алу - дәрігердің басты мақсаты. Дәрігерлер адамдарға өмір сыйлап, олардың қауіпті ауруларға душар болмауын қамтамасыз етеді. Көпшіліктің зор алғысына бөленеді. Сондықтан, мен медицинаның дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамда кеңінен таралған дерттердің алдын алып, халықтың денсаулығының мықты болуы үшін бар күш-жігерімді жұмсап, адал қызмет етуді қалаймын. Жанарынан мейірім нұры төгілген ақ халатты абзал жан атану үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен осы мамандықты толықтай меңгеріп, ел халқының әл-ауқатын арттыруды мақсат етемін. Себебі, елдің дамуында оның тұрғындарының денсаулығы аса зор маңызға ие. Болашақта білікті де білімді дәрігер болып, халықтың денсаулығын жақсартып, толағай табыстарға, мол жетістіктерге жетіп, Отанымның кемел келешегінің өркендеуі үшін өз үлесімді қосамын!
0,0(0 оценок)
Ответ:
123321456654sego
28.03.2020 07:47
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
“Енді оны қалай ажырата аламыз” дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен.
(Пікірлері тыңдалады.)
1) “Мен жақсы оқимын, қоғамдық жұмыстарға қатысып, әрдайым алғы шептен көрінуге тырысамын. Өз сыныбымыздағы бір баламен достастым. Бірде оның бір баланы ұруға қатысқанын білдім, білісімен онымен достықты үздім.”
2) “ Қалай өмір сүргенімді есіме алсам, ұяттан жерге кіріп кете жаздаймын... Сөйтіп жүргенде Жаннаны кездестірдім. Былай қарасаң қарапайым қыз, оған достасу туралы ұсыныс жасап едім, ол келісті. Достарым оны қалыпты іс деп бағалады, “ Атаманға кім қарсы келуші еді” деп есептеді. Жаннаның басынан біраз нәрсені өткеруіне тура келгенімен ол мені адам етті. Бұл хатымда мен бәлкім ештеңе айтпаған да шығармын, әйтсе де менің құрдастарымның кез-келгенінің адамды жөнге салу ісі қолдарынан келетіндігін айтқым келеді.”
- Бұл екі жағдай бір-біріне ұқсас. Бірақ қыздардың істеген істері бірдей емес. Осы екі үзінді жайлы қандай ой түйдіңіздер?
- “Жаманнан бойды аулық сал” дегендей, алғашқы қыздың дер кезінде достықты үзгені дұрыс та шығар, кәне кім не айтады, пікірімізді ортаға салайық.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота