ответ:Адыра қалған көк Жайық,
Аңырап қалған қонысым!
Қонысымнан ауған соң,
Кетпегей еді ырысым.
Таудағы тарлан бөрі едім,
Тарылған сынды тынысым.
Кейінгі өскен жас бала,
Ақ балтырын түрініп,
Басарына ерініп,
Көкірегі күйініп,
Тек тірлікке сүйініп,
Ықтиярсыз жүгіріп,
Аузы түкті кәпірдің
Етпегей еді жұмысын!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Екеу-екеу сөйлесіп,
Біздің кейінгі өскен жас бала
Аузы түкті кәпірдің
Соқпаса екен пайдасын!- деп күйініп, көкірегін қарс айырып, запыран жырын төгіпті-ау ұлы жырау! Бұл жырдың шыққанына арада аттай алты ғасыр өтіпті. Біз шүкіраман - өзімізше еркін елміз. Алайда Қазтуған атамыздың: «Біздің кейінгі өскен жас бала, аузы түкті кәпірдің соқпаса екен пайдасын!» деп аса қауіп қылып, сақтандыра айтқан өсиетінің өміріміздің көп тұсында орын алып жатқанын сезіп-білген сайын қабырғаң қайысады. Бұған мысал іздесеңіз алысқа көз салудың қажеті шамалы, біздің Орал қаласы әбден жарап қалады.
Он бесінші ғасырда өмір сүрген жырау Қазтуған бабамыздың «Қонысымен қоштасуы» деп аталған жырын оқығанда-ақ сол бір ел басына күн туған алмағайып заманның елесі көз алдыңызға келгендей болады.
Объяснение:осы 100% дұрыс лайк басуды ұмытпа
қазіргі уақытта электр қуатын үнемдеу жаһандық мәселеге айналды. электр қуатын көп тұтыну оны өндіруге жұмсалатын шикізат көздерін көп пайдалануға ғана емес, жаһандық экологияға да көп залал келтіруде. сондықтан болашағы үшін алаңдайтын әрбір азамат электр қуатын күнделікті тұрмыста үнемдей алудың алғышарттарын білуі қажет. бүгінде электр үнемдейтін шамдар көп кездеседі. қазақстанда қуат көзін үнемдейтін шамдардың пайдалануын арттыру үшін қызумен жарық шығаратын шамдарды пайдалану және өзге елдерден импорттауға тыйым салынған. алайда осы шамдар қолданыстан әлі ығыстырылып шығарған жоқ. ал электр тогын аз тұтынатын шамдарға келсек, олар қызу лампасынан 5-6 есе аз энергия жұмсайды. тағы бір пайдалысы ол шамдардың ғұмыры кәдімгі лампадан қарағанда 8 есе ұзақ. бір шамның бағасы қазір сату орындарында 400-800 теңге аралығында. бұл қымбат дегенмен пайдаланушылар оған жақсы баға беруде. алайда кейбір тұтынушылар «шам тез күйіп кетеді» деп шағымдануда. себебі, көп сауда орталықтары осындай шамның қытайда жасалған сапасыз түрін сатуда. сондықтан шамды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алған абзал.