хорош16
16.09.2021 08:55

1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрыңыз. Сұраққа мәтіннен дәлелдер келтіре отырып жауап беріңіз.

Бақ-дәулет – бірлікте

Қазақстандағы ұлттар достастығын көзбен көріп, жүрекпен сезіп жүргендердің бірі менмін. Көңілі даладай дарқан қазақ халқы қазір барлық ұлт өкілдерін өзінің туған-туыстарындай көреді. Бір елде жүзден аса ұлт өкілдерінің тату-тәтті болып дауласпай, жауласпай өмір сүріп жатқаны бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай. Өйткені халықтар достастығы біздің саясаттың басты ұстанымы. Көрші мемлекеттердегі ұлтаралық дау-жанжалды және Ресей мен Украина арасындағы қантөгісті ақпарат құралдарынан естіп, көргенде мамыражай тыныштықтағы Қазақстан бейнесі жұмақты елестетеді. Ұлтаралық, дінаралық қақтығыс, соғыстан кейбір мемлекеттердің жойылып кеткенін тарих дәлелдеді. Сондықтан біз ұлттардың достығы мен бірлігіне қуанамыз.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары кейбір мысықтілеу саясаткерлер «Қазақстан көпұлттылығынан түбінде күйрейтін ел» деген сыңайлы пікірлер айтып, үрейлендірген болатын. Ал керісінше Қазақстанда ұлтаралық достық пен келісім орнап, ең бейбіт ел деген атаққа ие болды.

Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достастығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың «Адамзатты сүй» дейтін қағидасы бар емес пе?! Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рух бар ұлт ынтымақ пен достықты қадірлейді. Кеңес үкіметі құндылықтарының бірі ұлтаралық достықты, ынтымақты алғаш орнаған күннен бастап басты ұстанымы етті. Соның нәтижесінде КСРО-да ұлттар достастығы қалыптасып, интернационалдық тәрбие барынша жолға қойылды. Қазақстандағы халықтар достастығының орнығуы Кеңестік саясаттан бастау алып, жалғасқанын ұмытпауымыз керек. «Қазақстан - жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы біз жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз.

Қазіргі Қазақстан Халықтар Ассамблеясы туралы айтқанда оның кеңестік дәуірдегі тарихын есте ұстауымыз керек. Тәуелсіздіктен кейін ол өзгеше сипат алды. Сол кезде қалыптасқан халықтар достастығы қазір жалғасып жатыр. Бұл күнде Ассамблея атқарып отырған жұмыс сан алуан.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
3lJouKpolJouk
09.06.2021 07:50

Кітапхана туралы диалог.

- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.

- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?

- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.

- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.

- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.

- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.

- Ендеше бағымды сынап көрейін!

0,0(0 оценок)
Ответ:
mailrujl

Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота