
Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді. Астананың жөні бөлек. Басқа қалалардан ерекшелігі де сол онда әдемі зәулім үйлер, Есіл өзенінің жанында орналасқан Үкімет пен Парламентке арналған әкімшілік ғимараттары, Хан шатыры, мәдениет сарайлары, спорт кешендері, "Өмір өзені" атты субұрқақтары, Конгрес Холл, театрлар мен Абай мен Кенесары атамыздың ескерткіштері, Бәйтерек монументі, көшедегі гүлзарлар мен алаңдары да өте керемет үйлесімін тапқан
Объяснение:
КОРОНКУ
Балалық шақ - ұмытылмас бал күндер. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылу ұялатады.
Балалық шақ туралы шығармаға бала күніңіздің естеліктерін, сол кездегі арман-тілектеріңізді, қиял әлемінің көрінісін жазуыңызға болады. Басыңыздан өткен небір оқиғаның өзі шығармаға арқау болуға жетіп артылады. Себебі, бала өмірінің әр парағы қызыққа толы. Оған қоса, ата-анаңыздың қамқорлығы, жақындарыңыздың мейірімі, ата-әженің жүрегі елжірей еркелетіп, берген тәрбиесі де тілге тиек етуге тұрарлық зор дүние.
Балалық қиялға не жетсін, шіркін! Бала күніңіздегі қаһарманыңыз, небір қиял-ғажайып оқиғалар, құбылыстар, барлығы да балғын шақтың тәтті күндеріне тән. Олар шығармаңыздан көрініс беріп жатса, кімге де болсын бала шағын еске түсіріп, тұла бойын ерекше сезім, сарқылмас саыныш кернейтіні анық
Объяснение:
Көмектесті деп ойлаймын! Сәттілік ♥