DeathStroke11
22.01.2020 02:53

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет», «Төрт түлік малдың пайдасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау жұмысы

1-мәтін
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау-мәдениет
Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі.Оны қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты таба аласың.Ғаламторда шек жоқ.Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсың, сөйлесесің,хабарласасың.Тіпті,адамдардың қолы жетпейтін жерге осы ғаламтордың қолы тиіп тұр.
Жалпы ғаламторды ретімен пайдаланса,өзіне қажетті деген сайттар мен ресурстарға кіріп,керегін ала алса,пайдасы өте көп.Мектеп оқушылары үшін барлық пәндер бойынша ақпарат көзі мол.
Ғаламдық желі,сөзсіз,адамның білімін жетілдіреді.. Соның арқасында шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады.Одан бөлек,ғаламтор - нағыз табыс көзі.Онымен табыс тауып отырғандар да аз емес.
«Ғаламтордың зияны» дегенді жиі естиміз.Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр.Меніңше,оның зияны қолданушылардың ішкі мәдениетіне байланысты.Күні бойы компьютерден бас көтермей керекті де,керексіз ақпараттардың тұңғиығына бату-адамның өзінің ерік-жігерін басқара алмауы.Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады.Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай.Жылы шырай танытып,шүлдірлеп сөйлесуден,жанды,табиғи қатынастан қалып барады.
Ғаламтордың келесі зиянды тұсы-адамның денсаулығының нашарлауы.Өйткені ол қозғалыстан қалып,оның соңы бел,арқа,көз ауруларына әкелуі мүмкін.Жасөспірімдердің арасында жүйке ауруларына шалдыққандар саны артты.
Одан бөлек,қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар да көбейді.Олардан сақтанудың да қамын жасаған абзал.

1-тапсырма
Мәтіннің мазмұны не жайында?Сұраққа толық жауап беріңіз.

[1]

2-тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша берілген тұжырымдамалар арасынан 2( екі) жалған ақпаратты анықтаңыз.


Тұжырымдама
Шын «+»
Жалған «-»

1
Ғаламтор арқылы алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де,достарыңмен де емін-еркін байланыс ұстамайсың, сөйлеспейсің, хабарласпайсың.

2
Жалпы ғаламтордың көмегімен шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады.

3
Ғаламтордың әсерінен бел,көз,арқа,бас аурулары мен жүйке ауруына шалдыққандар қатары да азайды.

[2]

3-тапсырма
Суреттерді пайдаланып,мәтінге сүйеніп ғаламтордың пайдасы мен зиянына мысалдар келтіріңіз. (Кем дегенде 5 мысал)

Ғаламтордың пайдасы:

Ғаламтордың зияны:







[5]

2-мәтін
Төрт түлік малдың пайдасы

Қазақ халқы үшін төрт түлік мал қасиетті саналады.Түйенің төлі-бота.Түйе-шөлге шыдамды,жүк артса-көлік,жесе-ет,жүні-киімге жараған.Қазақтар түйенің жүнінен шапан киген,ол жеңіл,жұмсақ әрі қыста жылы болған.Жамылғы көрпелер жасаған.Түйенің сүті-шұбат. Ол қою әрі құнарлы.Одан құрт,балқаймақ т.б.жасаған.
Сиырдың төлі-бұзау.Сиыр малын қазақтар көбінесе көшке де,егіске де пайдаланған.
Сиыр үйдің берекесі,отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған.Ертеде сиырдың терісінен құдықтан су тартатын қауға ыдыс,қымыз ашытатын саба,сусын құятын торсық жасаған.Тезегін отын ретінде пайдаланған.Мүйізінен тарақ жасаған.Сүтінен ірімшік,құрт, май,
айран, қаймақ,қатық, сүзбе т.б.алынады.
Қойды қазақ халқы төрт түліктің ішінде ерекше мал деп есептейді.Қойдың төлі-қозы.Өзі өсімтал,еті дәмді,сүті майлы.Сүтінен құрт,май,сүзбе,ірімшік алынады.Жүнінен көрпе тіккен әрі киіз басып,жіп иіріп,киім,шұлық,қолғап тоқыған,бау,кілем,текемет,сырмақ жасаған.Терісін сырткиім,аяқкиім тігуге пайдаланған.
Қазақтың қасиетті малдарының бірі-жылқы.Жылқы-жүйрік,өте төзімді мал.Төлі- құлын.
Сүті-қымыз,оны емге пайдаланған.Мінсе-көлік,сатса-пұл.Етінен қазы-қарта,жал-жая жасайды.
Жал-құйрығынан арқан-жіп еседі.Терісінен ыдыс-аяқ,аяқкиім,сырткиім жасаған.

4-тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша кестені толтырыңыз.

Мал атауы
Төлі
Төрт түліктен алынатын тағам түрлері
(ет,сүт)
Тұрмысқа қажетті бұйымдар
Шаруашылыққа
қажетті заттар
Төрт түліктің пірі (атасы)

Қой

Сиыр

Жылқы

Түйе

[5]

Барлығы

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Melaniya170716
09.02.2020 15:42

Алматы қаласы

Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.

Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.

Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Арусяк122
09.02.2020 15:42
дауыс Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. 
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. 
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота