Янина7005
11.06.2021 02:45

ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ 3.Мәтінде қандай есімдіктер кездеседі?

Былғары қолғап шебері Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгерқұқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40- тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.

Дұрыс жауап саны: 3

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
AiDanttlll
30.10.2022 15:35

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Киелі сандардың түп төркіні қайдан шыққанын және математикалық тілде талданғанын қарастырайық. 3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір – қасиетін біле отырып,әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. 1001 – даңқы шыққан Шехеризада саны.

Мысалы: қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы – құлақ.

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.

Үш қасиет: Өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет.

Үш талғам: Мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат.

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Үш тәтті: Жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.

Үш қуат: Ақыл, жүрек, тіл.

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл.

Жеті санының дүниежүзілік дәстүрде өте жиі, тұрақты да орнықты болып кездесетіндігін білеміз.

Жеті саны – қазақ үшін де киелі.

7 санына байланысты жеті жұт немесе жұт-жеті ағайынды. Олар – құрғақшылық, жұт (малдың қырылуы), өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

Жеті қазына – ұрпақ жалғасы деп көрсетіледі еңбегінде. Сонымен қатар жеті жетім, жеті шәріп, жеті ата ұғымдарын түсіндіру студенттердің ой-өрісін, танымын кеңейтеді.

Жеті күн: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті амал: Тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдың тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы.

Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы.

Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

Тоғыз саны – әлдебіртолықтылықты, кемелділікті, түгелділікті білдіреді.

Қырық – көп жағдайда кез келген өлшемнің (уақыттың, кеңістіктің) ең шеткі, ең соңғы межесі, шебі, шекарасы. «Қырық» сөзі абак таңбадағы шеңбер сызығын білдірген. Сандық көрсеткіш бойынша берсек, 40 дегеніміз-кіндік нүкте. 40 санына байланысты қазақ халқының «қырқынан шығару», «қырқын беру». Дәстүріне келер болсақ «қырқынан шығару». Қазақта дүниеге келген бала 40 күндік уақыт өткенге дейін «әлі тумаған» болып есептелінеді: яғни, ол-әлі тумаған, ол-әлі өлі, тек 40 күн өтіп, 41-інші күн болғанда ғана ол «ресми түрде» дүниеге келеді. Осы уақыт ішінде нәрестені бөгде адамдарға көрсетпейді (тіл көзден сақтайды). Қырқынан шыққан соң арнайы жоралғы («қырқынан шығару», «ит көйлек») өткізіп, баланы, «өлілер дүниесінің қақпасын күзеткен итке» сыйлық беріп, бұ дүниеге шығарып алады.

Қырқын беру. Өлген адамды жерлегеннен кейін оның «үшін», «жетісін», «қырқын», «жүзін», «жылын» береді. Мұнда көрсетілген сандық көрсеткіштердің әрқайсысы-әлдебір тұтастықтың шекаралары, ал олар бір тізбек бойында қолданылған жағдайда, олардың әрқайсысы әлдебір тұтастықтың ішкі сатылары болып есептеледі. Өлген адамның жаны 40күн бойына бұл дүниеде жүреді де, тек 41-інші күн болғанда ғана, о дүниеге өтеді, яғни, «ит күзеткен қақпадан /көпірден өтеді», «иттің кейпіне енеді», «ит көйлегін қайта киеді».






0,0(0 оценок)
Ответ:
7262626
25.12.2021 02:13
Менің сүйікті пәнім - ағылшын тілі. Неліктен дейсіз бе? Біріншіден, жаңа тілді үйрену маған ұнайды. Тілмен бірге сол халықтың ерекшеліктерімен, мәдениетімен танысасың. Екіншіден, ағылшын тілі халықаралық тіл болып саналады, яғни оны білу арқылы мен халықаралық қатынастарға түсуге, не басқа мемлекеттерден келген адамдармен оңай тіл табысуға мүмкін аламын. Үшіншіден, ағылшын тілін тереңірек оқыған сайын онда кездесетін "тұрақты тіркестер" (идиомалар), ауыспалы мағынада құралған сөздерге таңданамын. Тіпті өзімді жаңа материк ашқандай сезінемін! Төртіншіден, қазіргі таңда бар әдебиеттердің көбісі ағылшын тілінде жазылған. Ол әдеби кітап болсын, не ғылыми дерек болсын, көбісі ағылшынша. Сөйтіп, мен бұл тілді білу арқылы ой-өрісімді дамыта аламын. Міне, осы 4 аталған факторлар менің ағылшын тілін сүюіме себеп. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота