Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз. Компьютерлік графика – әртүрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алатын информатиканың саласы. Қазір кез келген мекемеде газеттер-журналға, жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырыс берсе, кейбіреулері программалық құралдарды пайдаланып, өздері жасайды. Үш өлшемді графика: Үш өлшемді графика (3D Graphics) — көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі. Үш өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар: - 3D Studio MAX 5; - AutoCAD; - Компас; Компьютерлік графиканың түрлері: Ғылыми графика - Ең алғашқы графика, тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Символдық режимде басып шығаратын. Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін, жоспарын, жетістіктерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т . б. объектілерді көрнекі түрде ұсынатын графика. Электрондық кестелер арқылы жасалады. Конструкторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Бұл - ЖАЖ-дың (жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі. Конструкторлық графика құралдарын пайдаланып, жазықтықтағы кескіндерді (проекция, сызба) ғана емес, кеңістіктегі үш өлшемді де жасауға болады. Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Бұнда қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды. Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін шықты. Қазір компьютермен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығын қажет етеді. (191 сө)
1. Мәтін не туралы? Бір сөйлеммен ғана жауап беріңіз.
[1] 2. Мәтіндегі мәліметтерді кесте/сызба түрінде ұсыныңыз. [1}
Компьютерлік графика түрлері 
Жазылым
«Ғаламторды дұрыс пайдалану – мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті» деген пікірмен келісесіз бе? Неге? Тақырыпқа қатысты күрделі сөздерді қолданып жазыңыз. [10]
1 Шын шеберде мін болмас. У настоящего мастера брака не бывает. 2 Бақыт кілті – еңбекте. Ключ к счастью – в труде. 3 Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады. Сон освежает, труд закаляет. 4 Ермек қуған пәлеге жолығады, еңбек қуған қазынаға жолығады. Праздно развлекающийся в беду попадёт, трудом увлекающийся богатство найдёт. 5 Адамды еңбек көркейтедi. Человека труд красит. 6 Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды. Дело, начатое без души, к многому не приведёт. 7 Сен iстi сүйсең, iс саған бас иедi. Если дело любишь, дело покоряется тебе.
Бұл менің үйім,ал мынау-оның үйі. Мұны өзіңіз жасаңыз. Менде ештеме жоқ. Барлық адамдар көшеде қыдырып жүр. Бұл кім? Қазір ешкім ештеме оқымасын. Бұл сенің орынын ба? Мұнда ешкім отырмасын. Сіз қазақша қалай сөйлейсіз? Мен сізге айтамын! Бұл жаттығуды өздерің орындандар. Қазір ешкім сені мәжбүрлемейді. Сен мұны өзің біл. Мына кітапты ал, ол өте қызықты. Біреу мұнла келе жатыр. Кәне мен сеннен бірдене сұрайын. Барлық ел қазақ тілің зерттейді. Кәнекей бірдеңе жасайық. Сенің үйің- сенің үйің. Кейбір адамдар қазір жұмыс істеуде. Саған бірдеңе айтайын ба? Өздерің қонаққа барыңдар, менің уақытым жоқ. Өзің баста. Үйде ешкім жоқ. Ешкім жауап бермейді. Барлығы мұнда. Біреу балмұздақ алып келсін.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку