Өнер және білім негіздері
Бізге дейін жеткен ежелгі үнділіктер өнерінің тамаша туындылары діни сарайлар-храмдар болып отыр.Олардың екі түрі болған. Біріншісі-ашық жердегі тастан, кірпіштен ттұрғызылған храмдар. Екіншісі-үңгір ішіндегі храмдар. олардың екеі де түрлі түсті бояулармен сәнделген, әсем де құдіретті етіп салынған. Үнділік шеберлер тастан, күйдірілген қыштан әр түрлі мүсіндер жасады. Ауа райындағы жиі болатын өзгерістер, шаруашылық қажеттері жұлдызнамашылық пен есептеу бағытындағы білімді жетілдірді. Үнділіктердің жыл санауы бойынша, бір жыл 360 күнге, ол 12 айға, әрбір ай 30 күнге бөлінді. Б.з V-VI ғасырларында үнді оқымыстылары жердің шар тәрізді кенін біледі.Және де қазір біздер жазып жүрген сандарды арабтаросы үнділіктерден үйренген екен. Ежелгі үнділік кітаптарда әртүрлі аурулардың аты кездеседі. Мәселен, сары ауру, буын ауруы, бас ауруы, алапес және т.б. Үнділіктердегі емдеу бақсылықпен қатар жүрген
Алматы метросы — Қазақстандағы тұңғыш, Орталық Азиядағы екiншi, ТМД-дағы 16-жерасты жолы болмақ. Әзiрге жетi стансадан тұратын метро желiсiнiң жалпы ұзындығы 8,56 шақырымды құрап отыр. Алматы метросына осы көрсеткiшi арқылы ғана «Гиннестiң рекордтар кiтабына» енуге болады. Бүгiнгi таңда ең қысқа метро ретiнде «Гиннестiң рекордтар кiтабына» 7 стансаның басын бiрiктiрiп, жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрап отырған Екатеринбург қаласының метросы енiп отыр. Алғашында 32 стансаға жоспарланған метрополитен тоқырау жылдары қаржының тапшылығынан банкротқа ұшыраған болатын. КСРО-ның тұсында алғашқы топырағы шығарылған Екатеринбург (Свердловск) метросының 22 жыл салынғанын ескерсек, Тәуелсiздiгiмiздiң елең- алаңында ғана түрен салынған Алматы метросының бүгiнгi күнiне тәубе деуге болатындай. 23 жылға созылды десек те, соңғы 10 жылда құрылысы жандана түскен метроның әлемдiк сипатына әлем таңданатындай болады десек, артық айтқандық емес.
Лондон метросы – қарт Еуропадағы ең ежелгi метро