ҮНДЕСІМ (ҮНДЕСТІК) ЗАҢЫ — буын не сөзқұрамындағы дауысты, дауыссыздыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Ондай құбылыс туыстас тілдер тобына ғана тән. Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға (егер сөз бір буынды болса), содан кейін буындарды сөзге (егер сөз екі не көп буынды болса) біріктіреді. Үндестік заңы қазақ тілінің іргелі заңдылығы болғандықтан, оның ықпалы тілдегі дыбыстардың айтылымы мен естілімінде басым болады. Осы тұрғыдан дыбыстар төрт топқа бөлінеді: 1) жуан езулік әуез дәйекшесіз ([]) беріледі. Мысалы, ата, қызық, алыс, т.б.; 2) тік таяқша ([]) жіңішке езулік әуезді: мыс., әже, егін, бірлік, т.б.; 3) дөңгелекше () жуан еріндік әуезді: мыс., қол, бұрұм, орұн, т.б.; 4) тік таяқша мен дөңгелекше () жіңішке еріндік әуезді көрсетеді: мыс., күн, көлүк, түлкү. Буын не сөздің үндесім әуезі сол буын не сөз құрамындағы дыбыстардың жасалымы өзара үйлескен, естілімі өзара үндескен тіркесін құрайды. Дәстүрлі қазақ тілтанымындағы (түркологияда) фонетика ережеде Үндестік заңын дауыстылардың үндесуі деп түсіндіріп келсе, қазақ тілінде тек дауыстылар ғана үндеседі, ал дауыссыздар көрші дауыстының ықпалында болады делінген. Сонымен қатар дыбыстардың бір-біріне ықпалын да сингармонизм заңдылығына жатқызып келді. Дауыссыз дыбыстардың арасындағы ілгерінді ықпал бойынша (мысалы, әліпби-әліппи, құр қалу-құрғалу, көкбет-көкпет, т.б.) алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссыздың айтылымына (артикуляциясына) әсерін дауыссыздардың сингармонизмі деп атайды. Зерттеу нәтижесінде сөз құрамындағы дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып айтылуы сөз просодикасына байланыстылығын көрсетеді. Қазақ тілінің сөз просодикасы үндесім болғандықтан, ол сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарға бірдей тең ықпал етеді.
Бегабат Ұзақов
«Жантаза» (әңгімеден үзінді)
Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы
атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға
көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің
тірлігі де үнемі осындай мамыражай кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.
«Тіршілік неткен тұрлаусыз еді! - деген ой келді оның қиялына. – Айналаны
көріктендіріп тұрған мына раң, қызғалдақтар құралайдың салқыны өткен соң күнге
күйіп, желге ұшарын білмейді-ау! Адамдар солай, тайталасып өтеді. Күреспесең,
ғұмырың қамшының сабындай қысқа. Тосыннан келген дүлей күш сындырып кеткенін
байқамай да қаласың...»
Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде
ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен
атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге
оңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас
батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап
ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай
жалғаса берсе, тұлымды ұл - құлға, бұрымды қыз - күңге айналарын сезген бұл жігіт
араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір
салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді.
Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинау. Біріккен жұртты жау жеңе
алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып, қырды жағалап
кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде әскері бар болғандықтан бұған
келеді. Оның самсаған қалың қолы бар, жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса,
лап қоюға дайындап қойған. Таса жердегі әскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер
былайғы кезде өз тірлігімен айналыса береді.