
Стиль түрлері (виды стилей)
1. Ғылыми стиль (научный стиль)
Ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады.(применяется в научных трудах,лекциях)
Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру. (дать общие понятия вещей и явлений) Дәлелді, зерттелген тура мағынада алу. (доказан, исследован, смысл понятен)
Ғылыми термин-дерді қолдану, хабарлы сөйлемде қолданылады.
(использование научных терми-нов, повествова-тельных предлож)
2. Ресми іс- қағаздар стилі (официально-деловой стиль)
3. Публицистика- лық стиль (публицистический стиль)
Іс-қағаздар-да, нұсқау хаттар мен кеңсе құжат -тарында қолданылады(использ. в деловых бумагах, инструктив-ных письмах, документах) Газет-журналда, жиналыстарда, бұқаралық ақпараттық құралдарда қолданылады. (применяется в газетах-журналах, собраниях, СМИ)
Хабарлау, анық мәлімет беру. (объявлять, давать конкретную информац.) Көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару. (влиять на общественность, привлекать их внимание к явлениям, событиям) Ресми, анық, дәл. (официаль-ность, точность)Шақыру, үндеу, нақтылық. (призывать, точность)
Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, терминдер.(книжные и официаль-ные слова и сочетания, повествова-тельные предложения, термины)
4. Көркем әдебиет стилі(стиль худож. литературы)
Көркем шығармаларда қолданылады.(применяется в художествен- ной литературе)Құбылыстар мен заттарды суреттеу, бейнелеу. (описание явлений и событий)Образды, эмоционалды, экспресивті.(Образное, эмоциональное,экспрессивное)
Ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдерін, суреттеме құралдарын пайдалану /теңеу,мета-фора,эпитет, метонимия синекдоха т.б./(использование переносных значений, худо-жественных методов, /сравнение-метафора т.д/
5. Ауызекі сөйлеу стилі(разговор- ный стиль)
Адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады (применяется при общении) Қатынас жасау.(для общения)
Сөздер мен сөз тіркес-терін еркін қолдану. (свободное использова-ние слов и сочетаний)Қарапайым сөздерді еркін қолдану, сұраулы, лепті сөйлемдерді жиі қолдану, диалогқа құрылу.(свободное использова-ние слов, частое использова-ние вопросит. восклицат. предложен.построение диалога)
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?