LeНин
09.09.2021 02:50

Текст 1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді. Ол үшін сол кезде жаңалық болып табылатын Хрусталь сарайы салынды. 1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір ғимаратта өткізу концепциясы ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны – көрме алаңдары туындады. Сөйтіп халықаралық көрме қалашықтары пайда болды.

Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында сәулетке маңызды орын берілді. Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың, техникалық прогрестің және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы…

«ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті. Келушілерге Бүкіәлемдік көрмелердің мұрасы мен тарихы ұсынылды.

Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болуы және қалыптасуы қарқынды ғылыми-техникалық прогресс жылдарына келді. Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, сондай-ақ заманауи адамға үйреншікті телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылар әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді.

Көрмеге дарынды ақындар, суретшілер, мүсіншілер шығармаларын арнады. Вагнер, Штраус, Верди арнайы музыкалық шығармалар жазды. Көрмелер академиялық мәнердегі суретшілермен қатар батыл авангартар жұмыстарын ұсынатын тамаша көркемсурет галереясына айналды. 1867 жылы Мане Париждегі Бүкіләлемдік көрменің суреттерін салса, 1939 жылы Дали Нью-Йоркте сюрреализм павильонын рәсімдейді, ал 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың символына айналған «Герниканы» ұсынды.

1. Мәтіннен берілген сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Пайда болды -
Таңқаларлық -
Даму -
Талпынды -
Талантты -

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Ilonka2734
25.08.2022 14:59
Биатлон — қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді.Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді. Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия ойындарында жүлделі орындар алды. Қысқы биатлонның кейбір нұсқаларында винтовка орнына садақ қолданылса, басқаларында тіпті аңшы мылтығы және аңшы шаңғысы пайдаланылады. Биатлонның қысқы емес, яғни жазғы түрі келесі комбинациялардан тұрады:жүгіру және оқ ату,тау велосипеді, яғни маунтин-байктармен жарысу және оқ ату. Барша биатлон түрлерінен тек «классикалық» қысқы биатлон және жазғы биатлон Халықаралық биатлон федерациясы жетекшілігі астында.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Yana6hhhh
16.05.2023 11:24
Еңбек пәнін оқытуда –еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота