
Ізгілік туралы эссе.
Ізгілік (гуманизм) - адамның кісілік қадір-қасиетін, адамның еркіндігін, адамның бақытқа құштарлығы мен талпынысын, адамның құқы мен жауапкершілігін, арын, намысын, мейірбандығы мен қайсарлығын, адамның жасампаздығын - яғни адамның барша адами қасиеттерін ұлықтайтын, даралығы мен дамуын діріптейтін идея.
«Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ» деп Сократ айтқандай, ізгілік адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Ізгілік ешқашан да өлмейді.
Ізгілік – өнегеліліктің шыңы. Ізгі адам қашанда өзгелерге жақсылық ойлап, жамандық атаулыдан аулақ болады. Ол өзгелерге қамқор болып, көмектесіп, «тек жақсылығым тисе екен» деген ізгі ниетте болады.
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.
Сондықтан қолымыздан келгенше ата – ана, бойымыздың өнегелі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, ізгілік нұрын жинайық.
«Құлагер» поэмасы – ақынның эпикалық жырларының ең соңғысы және поэзиясының ең биік шыңы. Поэмаға арқау болған оқиға – тараудың басындағы тұсында сері болсын, пері болсын, өмірімен ұнаған Ақан және тұлпар ат Құлагер. Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, сонымен байланыста Ақанның қайғы-шерге көмілуін суреттеген тарауларда баяндалған. Құлагердің өлімі асыл Ақан үшін өте ауыр болады. Ол айдалада Құлагердің басын құшақтап көзінен қанды жас ағады. Құлагер – Ақан серінің сұлулығы, идеалы. Менің ойымша, ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық. Себебі, оның түсінігінде ондай тұлпар енді келмесі анық. Сол тұлпармен жүрек түкпіріне ұялаған әсемдік, көркемдік бәрі жоғалған. Оның бұрынғыдай ән айтуы да, ел арасында жайраңдап жүруі де екі талай. Құлагерге жұмсалған айбалта, Ақанның өзіне тиген, ол енді тірі өлік.