
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Душар болып жалғанның сынағына,
Жандар бар ғой зар болған бір адымға.
Үлдеменен бүлдеге орамай- ақ,
Сен солардың хал- жағдайын сұрадың ба?
Қу тірлікпен қиқулап барамыз да,
Тек пайданы жапсырдық санамызға,
Сен жақсылап көз салшы айналаңа,
Жомарт жандар бар екен арамызда.
Бермесе Алла байлықты күремек кім?
Тағдыр жазса əркімге түнемек мұң,
Кейбір сəтте өзіңді қойып көрші,
Орнына осы бір мүгедектің.
Жан мен тəні жаралы адамдарға,
Көмек бергің бойыңда шамаң барда,
Жақсылыққа жақсылық қайтады əркез,
Тілегіңді береді сағанда Алла