ответ:Оқу - білім азығы, Білім – ырыс қазығы. *** Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. *** Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. *** Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні ғаріп. *** Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады. *** Өмір - үлкен мектеп. *** Өмірдің өзі - ұлы ұстаз. *** Жердің сәні - егін, Ердің сәні - білім. *** Жер - ырыстың кіндігі, Білім - ырыстың тізгіні. *** Білімді бесіктен тесікке дейін ізден. *** Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ. *** Білімді өлсе, Қағазда аты қалар. Ұста өлсе, Істеген заты қалар. *** Кітап - алтын қазына. *** Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. *** Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. *** Көргенсіз дегенге кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп. *** Ғылым - теңіз, білім - қайық. *** Алтын алма, білім ал. *** Ұстаздан шәкірт озар. *** Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала. *** Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. *** Әліппенің ар жағы - білім бағы. *** Ғылыммен жақын болсаң , қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. *** Шәкіртсіз ұста - тұл. *** Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. *** Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім. *** Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл. *** Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын. *** Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.
Толығырақ: https://massaget.kz/maal-mtelder-zhayltpashtar/957
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Объяснение:
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқы. Мәтін бойынша диалог құрастыр.
(4 сұрақ)
Адамның атының сүйкімді болуы – зор бақыт. Мысалы: Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қарандаршы. Айтуға ыңғайлы, әрі жағымды. Майқанова тәтейше айтқанда – жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар атын мақтаныш етіп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал естуге қолайсыз есімдер де бар. Өзге түгел, өзіңе де ұнамайды. Қолдан келсе, өзгертіп алар едің - ау! Жарайды, өкініш жоқ, турасын айталық. Менің атым-Қожа. Көріп отырсыздар, керемет ат емес. Шынымды айтсам, о баста Қожаберген еді. Туу куәлігінде солай жазылған. Сонымен ес білгелі Қожамын. Ауылдың бәрі солай атайды. Біз бір класта екі Қожамыз.
Объяснение: