Минька1
12.06.2021 16:32

УМОЛЯЮ тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орында

Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн секілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.

Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін. Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.

1. Берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетін 2 дұрыс тұжырымды анықтаңыз.

Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс

Көне Түркістан қаласы қазір туризм аймағы.

Жібек жолы - Батыс пен Шығыстың арасын жалғаған сауда жолы.

Отырар базарларында тауарларды сатуға, айырбас жасауға болады.



2. Мәтінге ат қойып, етістіктерді тауып, түрін ажыратыңдар.

Мәтіннің тақырыбы (сөз тіркесі)

Етістіктер



2-тапсырма. «Қазақстандағы жер байлығы» тақырыбында мәліметтер жинақтап, постер жасаңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Chopykoe
19.11.2022 17:54

Жекеше түрі:

1-жақ Мен мүсіншімін.

2-жақ Сен мүсіншісің.

2- жақ(сыпайы түрде) Сіз мүсіншісіз.

3-жақ Ол мүсінші

Көпше түрі:

1- жақ Біз мүсіншіміз.

2-жақ Сендер мүсіншісіңдер.

2-жақ(сыпайы түрде) Сіз мүсіншісіз.

3-жақ Олар мүсінші.

Жекеше түрі:

1-жақ Мен қайраткермін.

2-жақ Сен қайраткерсің

2-жақ(сыпайы түрде) Сіз қайраткерсіз.

3-жақ Ол қайраткер.

Көпше түрі:

1-жақ Біз қайраткерміз

2-жақ Сендер қайраткерсіңдер.

2-жақ(сыпайы түрде) Сіздер қайраткерсіздер.

3-жақ Олар қайраткер.

Жекеше түрі:

1-жақ Мен мақтаншақпын.

2-жақ Сен мақтаншақсың.

2-жақ(сыпайы түрде) Сіз мақтаншақсыз.

3-жақ Ол мақтаншақ.

Көпше түрі:

1-жақ Біз мақтаншақпыз.

2-жақ Сендер мақтаншақсыңдар.

2-жақ(сыпайы түрде) Сіздер мақтаншақсыздар.

3-жақ Олар мақтаншақ.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
qwerty665
27.12.2022 16:13

Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы туралы өз пікіріңді айту. (ПОПС формуласын пайдалану арқылы).

1. Менің ойымша, Ұлы Жібек жолының ерекше маңызы болды. Ұлы Жібек жолы тек тұтыну тауарларын ғана жеткізіп қойған жоқ, сонымен қатар ол рухани мәдениеттің тірегіне айналды. Ол әсіресе музыка, би өнерінде ерекше байқалады. Ұлы Жібек жолының ең ұзақ бөлігі Орта Азия мен Қазақстан территориясы арқылы өтті.

2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін: сол кезде сауда – саттық жақсы дамып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Адамдар, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық – түлік және басқа да заттармен алмасты.

3. Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саяси, экономикалық, мәдени жағынан дамыды. Мысалы, сол тұста Тараз қаласы «саудагерлер қаласы» деп аталды. Себебі Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары, наубайханалары мен шеберханалары сауда жолында орналасқан болатын.

4. Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: Ұлы Жібек жолы - дүниежүзілік өркениет тарихының басты жетістіктерінің бірі. Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты байланыстырған трансконтинентальды трасса болды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота