saltanatkeneso
20.02.2023 00:13

Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Прочтите стихотворение, выполните задания.

Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мәтінге қандай ат қояр едіңдер? Какое название дадите стихотворению? -Матiн берiлмеген гой
2. Мәтін не туралы деп ойлайсыз? О чем это стихотворение?
А) Күй туралы
В) домбыра туралы
С) қуаныш туралы
3. Бабамыздың мұңы не, анамыздың сыры не?
А) Жүрегі
В) Көңілі
С) Домбыра
4.Домбыра нені ұрпағына аманат қып жолдаған?
А) Арманын
В) Қиялын
С) Жырын

5. Мәтін мазмұны бойынша домбыра – ол не? По содержанию стиха домбра-это:
1.
2.
3.

Жазылым.
2-тапсырма. «Төрт түліктің пайдасы» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Мәселені қарастыра отырып, өз ойыңызды аргументтермен дәлелдеңіз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
знайчушка
13.11.2022 03:42

Түркістан — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. [4]. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Архео¬логтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7—12 ғасырлар- да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылы аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басы¬на мазар тұрғызылды. Ол касиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға төуөп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Angelka04
13.11.2022 03:42

Объяснение:

«Байбөрі баласы Бəмсі Байрақ туралы жыр» — əлем əдебиетінен өзіндік орын алған батырлық эпос «Қорқыт ата кітабындағы» негізгі жырлардың бірі. Қазір біздің қолымызда «Қорқыт ата кітабының» қазақ тіліндегі екі аударма нұсқасы бар. Бірі — филология ғылымдарының докторы, профессор Əуелбек Қоңыратбаевтың орыс тілінен аударған нұсқасы. Бұл 1986 жылы Алматыдағы

«Жазушы» ба жарық көрген. Енді бірі — Мəжит Əбузарұлының түрік тілінен аударған Шыңжан «Жастар-өрендер» ба жылы жарық көрген нұсқасы. Біздің пайымдауымызша, екі нұсқанның аудармасында үлкен айырмашылық жоқ, негізінен ұқсас. Бірақ Қазақстанда жарық көрген басылымның тілі бізде жарық көрген нұсқаға қарағанда көнелеу, яғни байырғы сөздер молырақ, кейбір салтқа байланысты дүниелер де бұрынғы кезге жуықтау алынған. Ал Мəжит Əбузарұлының аудармасында исламдық түс өте басым, сондықтан біз Қазақстандағы аудармасын негіз етіп пайдаландық.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота