NastyaDND
15.03.2022 20:17

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені берілгенүзінділер арқылы түсіндіріңіз. № Шығармадан үзінді Идеясы

1

«...- Ертеде бір жетім бала бопты… - деп Аян

екінші ертегісін бастады. Сыбырлай шыққан

даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз

сендіретіндей керемет бір күш бар.. Ғажап

ертегілер еді… Дүниедегі жақсылық

атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те,

сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға

тән не бір асыл қасиеттің барлығы да сол

Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян

батырлық туралы ертегі айтқанда, біз - алым-

жұлым киінген қара борбай балалар бір сәтке

жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк

семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып

жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас

батырдай сезінуші едік өзімізді..»

2

«..Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай

сыбырлап қана:− Аян балалар үйіне кеткелі

жатыр,- деді.

− Қарағым, жолың болсын,- деді

жыламсырап.- Жақсыдан қалған тұяқ ең,

қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң тауып

келерсің әлі...Аян балалардың бәрімен қол

алысып қоштасты.− Мен әлі бәріңе де хат

жазып тұрамын,- деді күлімсіреп.Біз, балалар,

Аянды кеп уақытқа дейін еске алып, сөз

қылушы едік.Шынында да бұл күнде Аян

қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі

болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат

қойса да жетеді. Ал тірі болса Жусандытөбеге

бір оралмауы қалай?! Жусанның иісін

сағынбауы мүмкін емес қой»
комек керек

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
miniloza2005
21.05.2020 08:55

Менің сүйікті қалам

Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы -  Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.

Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.

Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Света3811
26.02.2023 02:11
Менің сүйікті актерім!Бүгінгі қазақ киносында актерлердің арасынан өнеріне көңілім толатын, ойнаған рөлдерін, сомдаған кейіпкерлерін керемет ойнап шығатын Берік Айтжанов туралы сөз қозғасам. Қызылорда өңірінің тумасы Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда дүниеге келген. 3 жасында өнер ордасы Алматыға көшіп, балалық шағы мен жастық шағын оңтүстік астананың Іле ауданында өткізеді. Әкесі агроном, анасы бала-бақша қызметкері болған. Ата-анасының «жүз қайнаса да, сорпасы қосылмайтын» шығармашылыққа қатысы жоқ баланың актер болуы қызықты тарихқа байлаулы. Салмақ жетіспеушілігіне байланысты әскерге қабылданбаған болашақ актер көптеген мамандықтардың дәмін татып, сынап көрген. Алайда, жүрегіне жақын мамандықты таппаған соң, уақытша мейрамханада бармен болып қызмет атқарып жүрген. Мейрамханада сән агенттігінің өкілі Беріктің киноға сай сұлбасын көріп, кастингтен өтуге шақырады. Түсірілген суреттер киногерлердің қолдарына тиіп, Сатыбалды Нарымбетовтың «Қыз жылаған» фильмінің кастингісіне қатысады, бірақ жолы болмай фильмнен шет қалады. Осы алғашқы сәтсіздіктен кейін Берікті кино әлемі қызықтырып, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түсуге бел буады. Осылай өнер саласына бағын байлап, болашаққа нық қадамдармен аяқ басады. Алғашқы кинодағы дебюты әйгілі «Біржан Салдың» режиссері Рымбек Әлпиевтің «Қасқыр уақыты» атты фильмінде Қалтай рөлін сомдаумен басталады. Бұл фильмде Берік Ақан байдың күңі рөлін сомдайды. Бұдан кейін актер өз шеберлігін Сламбек Тәуекелдің «Махамбет» фильмінде атақты батыр Махамбеттің рөлін сомдайды. Фильмде озбырлық пен отаршылдықты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлғалар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеп қана қоймай, Махамбет батырдың Айғаным сұлу арасындағы ғашықтық сезімдерін көрсетеді. Шығыс жекпе-жегімен айналысатын қазақ жігітін көрші Ташкент елінің режиссерлеріде байқап қалып, 12 сериядан тұратын «Застава» сериалына шақырту жібереді. Бұдан кейінгі кино өнерінде шет елде жүріп қазақтың қамын ойлаған Мұстафаға арналған, 2006 жылы түсірілген «Мұстафа Шоқай» фильмінде, Байдрахманды ойнайды(інісі). Берікті халыққа танымал еткен фильмді атамау кету, оның жасаған еңбегінің тең жартысын ұмыту дегенге саяды. Сондықтан, 2008жылы түсірілген Ақан Сатаевтің «Ағайынды» көпсериялы драмасын атамасқа амал жоқ. Себебі, Айтжановқа үлкен беделдікті әкелген Шыңғыс рөлі еді. Бұл көпсериялы драма ауылда тұратын үш ағайынды туралы. Басты кейіпкерлер - ағайынды үш жігіттің өмірі арқылы қала мен ауылдың тіршілігін: әке мен бала, жастар тәрбиесі проблемаларын, бүгінгі таңдағы қазақ ділінің ерекшелігін ашып көрсетеді. Бұл хикаяның сюжеті нағыз шынайы өмірден алынған. Күнделікті күйбең тіршілікте орын алатын әртүрлі жағдайлар, қала мен қала маңындағы ауыл адамдарының өмірі негізге алынған. Осы хикаяда басты рөлдің бірін Берік сомдап шығады. Айтжанов Шыңғыс есімді ынжықтығы бар, қайынжұртқа жалтақтығы бар азаматты сомдайды. Дәл осы сериал арқылы Берікті халық таниды. Бұл хикаяның халықтан алған алғысы мен құрметі шексіз болды. Осындай фильмнің жетістікке жетуі Беріктің актерлік шеберлегінің арқасы деп те айтуғ болады. Бұдан кейін тағы да 2010 жылы Ақан Сатаевтың қазақ кино тарихында алғаш рет «экшн» жанрында түсірілген «Ликвидатор» фильмінде басты рөлді Айтжановқа тапсырады. Фильмге жасақталған әртістік құрама мықты, өйткені мұнда отандық кино және театр өнерінің қаймақтары жиналған(бір эпизодта есіктен басын қылтитатын ит екеш иттің рөлін де 3 бірдей үміткер таңдалғанына не дерсіз). Бұндай сыннан өте алған актердің, көкжиегі кеңейіп өзіне деген сенімі артатыны белгілі. Жалпы бюджеті 2миллион доллар құраған фильмде Берік Айтжанов, Арсен есімді оққағар жігіттің рөлін атқарады. Арсен өзінің журналист ағасының кісі қолынан өлгендігін сезіп, кек қайтармаққа бел буады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота