Юлёк1432
16.06.2021 03:33

2-тапсырма. «Төрт сөйлем тәсілін»/ПОПС/ қолданып пікір жазыңдар ( )

Ғаламтордың пайдалы жақтары

Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз.

Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат пен

мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Әлемдік жаңалықтар мен

оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет

адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

Ғаламторда шек жоқ. Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен

де емін-еркін байланыс ұстайсың, сөйлесесіз, хабарласасың.

Ғаламдық желі, сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал.

Соның арқасында шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге

қатысуға болады

НУЖЕН ОТВЕТИТ


2-тапсырма. «Төрт сөйлем тәсілін»/ПОПС/ қолданып пікір жазыңдар ( ) Ғаламтордың пайдалы жақтары Ғала

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
урсвт
27.02.2020 10:12
Тәкаппарлық, мақтаншақтық, менменсушілік1. Өз елінде шекпен пішпеген,
 Кісі елінде мақпал пішеді
.2. Иттің ұлығанын бөрі естімес.
3. Ит құтырса, иесін қабар,
 Шымшық құтырса, бүркітке шабар.
4. Қадір білмейтінге қадіріңді кетірме
.5. Жаман сайға су түссе, өткел бермес кешуге.
6. Ашаршылықта түйенің сіңірі де тәтті,
Тоқшылықта қозының құйрығы да қатты.
7. Есек құлағының ұзындығына мақтанар,
 Есалаң жүзінің қызылдығына мақтанар.
8. Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас,
Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас.
9. Тойсаң тоқтының еті топырақ татиды.1
0. Мақтаншақ бар ақылын мақтанға тауысады.
11. Жақсы мақтанса есебін табар,
Жаман мақтанса қатынын сабар.
12. Мылтығыңның күмісін айтпа, тиісін айт.
13. Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сырмақ сырыпты.
14. Ер өнерімен мақтансын.
15. Жаман адамға мал бітсе, жақынын танымас.1
6. Асқанға аспан да аласа.
17. Өз көшесінде жаман ит те жолбарыс.
18. Өзім есек бола тұрып, түйені жетектедім.
19. Еңкейгенге еңкей, басың жерге жеткенше,
Шалқайғанға шалқай, төбең көкке жеткенше
.20. Семіздікті қой ғана көтереді.
21. Аспанға айды бір шығардым.
22. Арыстан асқынса айға шабар,
Ақымақ асқынса анасын сабар.
23. Саяз су сарқырап ағады.
24. Аяз би, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл.
25. Тауық шақырғанға таң атпайды.
26. Көзінше мақтама, сыртынан даттама.
27. Білемін деп мақтанба, сенен де білгіш табылар
.28. Тігілмеген етігіңді мақтама.
29. Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,
Жетеумін деме, сегізге жолығасың.
30. Тағасының күмісіне мақтанба,
Атыңның жүрісіне мақтан.3
1. Баймын деп мақтанба, жарлылық бар.
Көппін деп мақтанба, жалғыздық бар
.32. Қу сүйекті ит те қажамайды.3
3. Тентек өзін дәу санайды,
 Жантақ өзін бау санайды.
34. Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады.
35. Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояйды
.36. Есек семірсе, иесін тебер.
37. Бір аштықтың бір тоқтығы бар.
38. Атты жолдас болмайды арбалымен,
Жортақ жолдас болмайды жорғалымен.
39. Әлін білмеген әлемге таңданады.
40. Есек өзін атқа балайды да,
Әттең, деп құлағына қарайды.
41. Еңкейгенге еңкей, атаңның қара құлы емес,
 Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес.
42. Өзім білем деген, өрге ба
43. Көр көкірек жігіттен ер көкірек егде артық.
44. Айға бойымыз жетсе, күнге қолымыз жетеді.
45. Орынсыз мақтау орға жығады.
46. Адаспаймын деген адам тал түсте адасады.
47. Өзін-өзі мақтаған - өліммен тең.
48. Қолымен қосаяқ соққан, аузымен орақ орады.
49. Сүтсіз қой маңырауық
.50. Шөлдің қамысы болмайды,
Жаманның намысы болмайды
.51. Мақтаншақтық өтірік айтқызады,
Өтірік көңіл қайтқызады.
52. Қорқау қасқырға жем болғанша,
Арыстанға жем болған жақсы.
53. Мақтаншақты мақтасаң, басыңа секіреді.
54. Аш отырып, ас таңдайды,
Жаяу отырып, ат таңдайды.
55. Болған кісі болдым демес,
 Болдым десе, болғаны емес
.56. Ердің атағы туырлықтай, өзі бұлдырықтай.
57. Бас болмақ оңай, бастамақ қиын.
58. Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы,
Жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы
.59. Өзіңді-өзің мақтама, біреу мақтасын.
60. Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Заразный1
03.05.2023 23:11

Ананың пейілі

Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.

Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.

Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.

Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота