Қазақ тілі кең байтақ жерді алып жатқан халыққа тиесілі. Қазан төңкерісіне дейін орыс ғалымдары И.И.Ильминский , В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский және басқалары да қазақ тілін зерттеуге үлкен қызығушылық танытты.Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосты.
Қазан төңкерісінен кейін республикада қазақ тілінің дамуына үлкен мағына берілді. Танымал қазақ ғалымдары А.Байтұрсынов,Х.Жұбанов,Н.Сауранбаев, С.Кеңесбаев және басқалары қазақ тілінің негізін салушылар.
"Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов, рейхстагқа Жеңіс туын тіккен батыр жауынгер Рақымжан Қошқарбаев пен Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовпен таныс болу бақыты бұйырды", - деп әңгімеледі ардагер Рафаил Аблаков.
АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Соғыс көп а қ шақпен ерте қоштасып, тез есеюге мәжбүр еткені белгілі. Рафаил Аблаков та жастайынан еңбекке араласқандардың бірі. Соғыс басталғанда Рафаил буыны бекіп, омыртқасы қатпаған кішкентай бала болса да, сұрапыл соғыстың бар қиындығын аға-әпкелері, ата-анасы, ауылдағы халықпен бірге көрді. Тыл еңбеккері сол уақытты ауыр күрсініп еске алады.